Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025, 11:00
617
Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды REUTERS

2023 жылы Байденнің терісінен қатерлі ісік анықталып, оны сәтті алып тастаған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденге қуықасты безінің агрессивті рак түрі диагнозы қойылды. Бұл туралы The New York Times басылымы саясаткердің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөз мәліметінше, ауру өткен аптадағы медициналық тексеріс кезінде анықталған. Байден зәр шығарудағы қиындықтарға шағымданған соң, дәрігерлер қуықасты безінен түйін (ісік) тапқан.

Анықталған ісік Глисон шкаласы бойынша бесінші топқа жатады — бұл қатерліліктің ең жоғары деңгейі саналады. Қауіптісі — ауру сүйек тініне метастаз беріп үлгерген.

Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісік гормондық терапияға жақсы жауап беруі мүмкін, бұл болса тиімді емделуге үміт береді.

Қазір Джо Байден отбасы мүшелерімен бірге болашақ емдеу стратегиясын талқылау үшін дәрігерлермен кеңесіп жатыр.

Айта кетейік, 2023 жылы Байденнің терісінен қатерлі ісік анықталып, сол кезде ол сәтті алынып тасталған болатын.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды