Каспий теңізінде жер сілкінісі болды
Жерасты дүмпулері түнде сезілген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.
Жерасты дүмпулері Астана уақыты бойынша 22:18-де болған. Магнитудасы – 3,4. Жер сілкінісінің эпицентрі 41.96 N, 48.92 E координаталарында орналасқан.
Жерасты дүмпулерінің ошағы 70 шақырым тереңдікте тіркелген.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші