«Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді

19.05.2025, 15:35
1215
«Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтөбе облыстық ПД

Іс дұрыс тергелмей қала ма деп қорқамыз дейді марқұмның құрбысы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мысырдың Шарм-эш-Шейх әуежайында қаза тапқан Ақмарал Мұқанованың жақын құрбысы Венера Искакова марқұмның денесін Ақтөбеге жеткізуге көмек сұрады. Қазір Мұқанованың ұлы әлі де сол жақта, анасының жанында.

Ақмарал Мұқанова – Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің кадр қызметінде ұзақ жыл еңбек еткен, зейнетке шыққан соң Астанада тұратын ұлының қасына көшіп барған. Анасы мен баласы жиі саяхаттаған, бұл сапар да солардың бірі еді.

– Ақмарал – менің өмірлік жан құрбым. Біз 1970 жылы Байғанин ауданындағы Қарауылкелді орта мектебіне бірге бардық. 1980 жылы мектепті бітіріп, ол Алматыға оқуға түсті. Кейін Талдықорғанда заңгер мамандығын алып, Ақтөбеде, Сазды полиция бөлімінде еңбек жолын бастады. Ақтөбе қалалық полиция басқармасынан зейнетке шықты. Кеше болған қайғылы жағдайды алғаш ұлынан естідім. Сағат 12:00 шамасында әлеуметтік желіден қайғылы оқиғаны көріп, Ақмаралға хабарласайын деп ойладым, бірақ сәл кейінге қалдырдым. Сосын кенет ұлы “Анамнан айырылып қалдым” деп жазды, – дейді Венера Искакова көзіне жас алып.

Оның айтуынша, баласы дипломаттармен бірге, тергеу жүріп жатқанын айтқан. Бірақ марқұмның денесі 3-4 күннен кейін ғана елге жөнелтілуі мүмкін.

– Әуежайда оқиға орны қоршалмаған, қан іздерін де бірден сүртіп тастаған. Бұл да бізге күмән тудырады. Іс дұрыс тергелмей қала ма деп қорқамыз. Енді ең бастысы – денесін Ақтөбеге жеткізу. Ол осы қалада өмір сүрді. Астанаға үш жыл бұрын ғана көшіп барған. Ақмарал өте ақкөңіл, күлімдеген, жайсаң жан еді. Соңғы рет сәуір айында жолыққан едік. Енді баласының жағдайына қатты алаңдап отырмын. Телефон қуаттап жатқан сәтте, дәл сол мезетте бұл қайғылы оқиға болған екен, – деді Венера.

Марқұмның жақындары Қазақстан билігінен, Президент пен Үкіметтен, елшіліктен денені елге жеткізуге көмек сұрап отыр.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады