Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
19.05.2025, 12:05
1185
Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты

Қыздың бауырлары бірге болуымызға қарсы болды дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші Жігер Ауыпбаев әйелінен ажырасқаннан кейін бір қызға ғашық болғанын ашық айтты. Ол концертіне келген бейтаныс аруды бір көргеннен сүйіп қалғанын жасырмады. Бұл туралы әнші НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

Жігер Ауыпбаевтың сөзінше ол өзі ғашық болған аруды ауылдағы концерттердің бірінде жолықтырған. Қонақ болып келген қыз бірден оның көзіне түскен.

"Қиналып жүрген сәттерде сол қыз жолығып, сөйлесе бастадым. Ондай кездерде адамның ішкі жан жүниесінде бірдеңе жетіспей тұрады. Жылы сөздің өзі күш боп тұрады. Жақсы бір жан жолықты. Көп нәрсе бастан өтті. Жақсы сәттердің барлығы өтті. Енді, міне, деп келе жатқан кезде қарсылықтар өте көп болды. Амал жоқ айырылысып кеттік. Бауырлары қарсы болды", - деді ол.

Әншінің айтуынша, ол концерт бойы бар әнін сол қызға қарап айтқан.

"Екеуіміздің танысқан кезіміз желтоқсан айының 13-і болатын. Мен сол ауылға концертпен барғам. Сол кезде ол қыздың ары-бері өтіп жүргенін көрдім. 1,5-2 сағаттық концертімде әндерді сол қызға қарап айттым десем болатын шығар. Бір көргеннен ғашық болдым. Ол қыз байқап отырды. Сахнада кім қалай қарап отырғанын - бәрін көріп тұрасың. Сөйтіп сол концерттен кейін желіден тауып алдым. Сөйтіп сөйлесе бастадым", - деп баяндайды әнші.

Сөзінше, ғашық болған арумен ары қарай Астанада жолығып, Есілдің жағасында қыдырған. 2 жыл бойы кездескенімен, ғашықтардың жолы бір арнада түйіспеген.

"Ол қызбен кездеспес бұрын ұзақ уақыт, үш жылдай депрессияда болған едім. Ажырасып жүрген кезім. Ондай еркекті кім жақтырады. Жаныма адам жолатпадым. Туған-туыстарым мен достарымнан алшақтай бастадым. Біреу бірдеңе айтып отырса, оны түсінбей отыратынмын. Сұқбатқа да бармадым. Баруға күш болмады. Ол қыз сол депрессиядан алып шығуға себеп болды. Екі жылға жуық созылды қарым-қатынасымыз", - дейді әнші.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр