3376

«Тырнақтарын қысқашпен жұлған»: өз әйелін түні бойы азаптап, оны арамен екіге бөлшектемек болған еркек ұсталды

Күйеуінен қорлық көрген келіншек ішкі ағзалары жан түршігерлік деңгейде жараланған күйінде ауруханаға түсті.

«Тырнақтарын қысқашпен жұлған»: өз әйелін түні бойы азаптап, оны арамен екіге бөлшектемек болған еркек ұсталды
24.kg / көрнекі фотосурет

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазіргі кезде зардап шеккен әйел ауруханада ем алып жатыр.

Қырғызстанның Сокулук аудандық ауруханасына бірнеше жарақат алған 22 жастағы жәбірленуші әйел келіп түскен. 24.kg басылымының дерегінше, жәбірленуші ауруханаға 29 қазан күні жеткізілген.

«Күйеуі оны түні бойы қинаған. Тырнағын қысқашпен жұлып, ағзаларын зақымдаған. Тіпті үш рет пышақ сұққан (24.kg басылымының оқырманы берген дерек бойынша). Куәгерлер әйелдің айғайын естіп келгенде ер адам оны арамен кесіп тастамақ болған», - делінген басылымның дереккөзінде.

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі азапталған әйелдің қазір ем алып жатқанын растаған. Белгілі болғандай күйеуінен зәбір көрген келіншектің жағдайы орташа ауыр деңгейде.

Сондай-ақ оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті деп танылған күйеуі ұсталып, қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор