12 жасар қыздың ішінде 7 айлық бала бар: Қызды әкесінің екі інісі кезекпен зорлап келген

Аиса Махамбет Редактор
31.10.2024, 18:14
2379
12 жасар қыздың ішінде 7 айлық бала бар: Қызды әкесінің екі інісі кезекпен зорлап келген pexels.com

Жастары 40-қа тақаған жамбылдық ағайынды педофилдер алты жыл бойы туған ағаларының 2012 жылғы қызын зорлап келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына қарасты ауылдардың бірінде 12 жастағы қызды туған әкесінің екі інісі алты жыл бойы зорлап келген. Ақыр аяғы қыз бала жүкті боп қалған. Қазір ол жүктіліктің жетінші айында. 

Аяғы ауыр қыз бала осы уақыт аралығында сабақтарынан қалмаған, ал мектептегілер қыздың екіқабат екенін тіпті байқамаған боп шықты. 

Orda.kz басылымы қыздың туыстарымен тілдескен. Белгілі болғандай, балаға құмартқан қаскөй ағайындылардың бірі 37, ал екіншісі 35 жаста көрінеді. 

Одан бөлек күдіктілердің бірі әлі де бостандықта қашып жүрген көрінеді. Сол үшін де қыздың нағашылары жиенінің өмірі үшін қатты алаңдаулы. Олар "зорлықшы құдаларының" қызға қысым көрсетуін, оны одан әрі қорқытуын жалғастыра ма деп қорқады.

Полиция ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған еді. Аталған бапқа мән берсек, егер күдіктілердің қылмыстары дәлелденсе, кінәлілер кәмелетке толмаған баланы бірігіп зорлап келгені үшін еліміздегі ең ауыр жазаға тартылады. Яғни олар - өмір бойына бас бостандығынан айырылады. 

"Қылмыс жасады деген екі күдікті анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері бір күдіктіні ұстап, оны тұтқындады. Ал екінші күдікті іздестіріліп жатыр. Оны ұстау үшін барлық қажетті шараларды қолданып жатырмыз. Сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне қатысты оқушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ҚР ҚК 141-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп түсіндірді полиция.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады