Бибігүл Бүкенбай: «Қолына телефон ұстаған кез-келген адам ақпарат таратушы»

14.11.2024, 12:05
519
Бибігүл Бүкенбай: «Қолына телефон ұстаған кез-келген адам ақпарат таратушы» коллаж фотосурет / Аружан Кенжебаева

Қазақстанда медиасауаттылық және медиа этика мәселелері бүгінгі заманда ерекше маңызға ие болып отыр.

Бүгін қонаққа медиасауаттылықтың маңыздылығы мен медиа этикасының принциптерін талдау, сонымен қатар, Қазақстандағы осынау мәселелердің өзектілігін көрсету үшін журналист, бас редакторлар клубының атқарушы директоры Бибігүл Бүкенбай ханымды шақырдық.

Қоғамның бақыт индексі жоғарылау үшін, трансляциядан негативті жаңалықтарды азайту керек деген пікірмен келісесіз бе? 

Бұл сұрақтың негізі бар. Себебі Европада, Сингапур, Япония, Корея мемлекеттерінде жергілікті медиа, аудандық болсын, ірі медиалар болсын позитивті жаңалықтарды көп береді. Себебі халықтың, сіз айтқандай, бақыт индексін жоғарылату үшін. Таңертең тұрып күнің жақсы жаңалықпен бастайтын қызметкер жұмысын зиің салып жасайды. Және бұл сол елдерде дәлелденген тұжырым. Ал менің жеке пікіріме келсек, мен келісемін.

Қазіргі Қазақстанның деңгейін алсақ, соңғы жылдардағы статистика бойынша Қазақстанның медиасы 90% жаңалықтан тұрады. Цифр түрінде алатын болсақ, мысалы медиада 1000 материал шықса, оның 900-і жаңалық, қалған 100-і танымдық тақырыптағы мақалалар, сюжет, репортаждар болуы мүмкін. Сонда 900 тақырыптың жартысынан көбі өлім, контрабанда, зорлық-зомбылық, педофилия, ЛГБТ, айқай-шу сияқты жаңалық болса, қалған 10%-дың ішіне салалық журналистика дамымағандықтан көп жағдайда жалпы рухани жаңалықтар кіруі мүмкін. Ал медицинаға, донорлыққа, ЭКО-ға қатысты жаңалықтар қайда? Қоғам оған зәру, бірақ жеткілікті ақпарат жоқ. Немесе бала асырап алу туралы қоғамның ойында тек жаңадан туған нәрестені асырап алуға болады деген стереотип бар. Бірақ былай қарасаң біздің мемлекетіміздің бағдарламасында патронат, ересек балаларды асырап алу деген бар. Жаңалық, ақпарат жеткіліксіз болғаннан кейін біздің халық көп нәрседен бейхабар екені рас. Бұның бәрі статистика. Сонымен сіздің сұрағыныздың жауабы ретінде, позитивті жаңалықтардың болуы және оның пайызы өсуі қоғамға керек нәрсе. Бұл халықтың танымдық, ағартушылық, іздемпастық деңгейін жоғарлытады. 

Қазір қоғамдық пікірдің қалыптасуы өте тез, осыған орай халықта медиасауаттылықты арттыру үшін қандай қадамдар жасауға болады? 

Жалпы медиасауаттылықты айтқан кезде жастарға, студенттерге сабақ берген кезде немесе кездесулерде менің ең жиі және басты айтатыным “қазір қолына телефон ұстаған кез-келген адам ақпарат таратушы”. Яғни, құрбыларымыз болсын, ол мемлекеттік қызметкер болсын, журналист болсын қолына телефонын алып видео немесе диктофон қосса, ол осы мезеттен бастап ақпарат таратушы. Біздің елдің бір тенденциясы жаңалық ең бірінші қандай ақпарат көзінен тарайды? Отбасылық WhatsApp чаттардан тарайды. Халықтың өз туысына, жеңгесіне, ағасына сену менталитетте бар нәрсе. Егер адам сол бір хабарламаны біреуден алып туысқан чатына жіберсе, сол чатта отырған 10 адамның санасына сол жаңалықты жеткізген адам таратқан ақпаратына жауапты. Бізде медиасауаттылық орта деңгейден артпаған. Адамдарда фактчек, верификация деген жоқ. Қаншама алаяқтарға алданудың өзі медиасауаттылықтың жоқтығынан. Фактчектің өзіндік қағидаларына байланысты ақпарат келген кезде “мен сенбеймін” деген ұстаныммен сыни ойлай білу керек. Яғни, мақаланың немесе хабарламаның алғашқы сөйлемі қызықтырып тұрса, тақырыбы ацқайлап тұрған хайп сөздерден тұрса, бұның өзі адамның бойында күмән тудыруы керек. 

Медиасауаттылық тек журналистерге керек нәрсе емес, бұл барлық еліміздің азаматтарына қажет дүние. Оның ішіне қаржылық, медициналық сауаттылығыда кіреді. Оның барлығы неге медиасауаттылықпен байланысты десеңіз, себебі барлық ақпарат медиа кеңістіктен тарайды. Ол классикалық журналистика, диджитал журналистика немесе әлеуметтік желілер. Осы себепті медиасауаттылық тек журналистерге емес, қарапайым халыққа да керек нәрсе. 

Осы тұрғыда медиасауаттылық пәнін мектеп бағдарламасына кіргізу тиімді болар ма еді? 

Иә, жалпы мектепке медиасауаттылық пәнін кіргізу керек деп ойлаймын. Жоғары оқу орталарында бұл қосымша сабақ ретінде бар екенін білемін, бірақ тек журналистика мамандығының студенттеріне ғана. Біздің қоршаған ортада ақпарат ағымы өте үлкен. Қиял ұшқынымен жазылған сюжеттер, тексерілмеген ақпараттар және жасанды интеллектімен жасалған мәтіндер бар. Соның барлығының арасында бала адасып қалмау үшін медиасауаттылық мектеп табалдырығынан жүргізілгені дұрыс болар еді. 

Ал қазіргі қарапайым халыққа фактчекингтің қандай құралдарын қолдануға кеңес бересіз? 

Жалпы журналист ретінде мақаланың тақырыбына көңіл бөлуге кеңес беремін. Кликбейттік, басқын келіп тұратын сөйлемдер болуы мүмкін. Мысалы, “рактан 10 адам емделіп шықты” деген тақырып көп адамға триггерный. Қаншама жылдан бері емін таба алмай жүрген адамдар қаншама болса, мында 10 адам рактан жазылып кетті деген мақаланы ашқын келіп тұрады. Бұл бірінші фактор. 

Кез-келген журналист мақала жазған кезде ақпарат көзіне сілтеме жасайды. Ол осы медицина саласындағы жаңалық болса, астында Оксфордтың зерттеу жұмысына сілтеме болуы мүмкін. Мына профессор айтқандай деп зерттеушінің цитатасын қоятын жағдайлар бар. Осындай ресми ақпарат көздеріне мән беру керек. 

Одан бөлек жасанды интеллектті верификация құралы ретінде қолдануға болады. Егер мақалада немесе газетте фотосурет бар болса, оны жасанды интеллектіге салып рас не өтірік екенін тексеруге мүмкіндік бар. 

Осы негізгі үш тармаққа баса назар аудару керек. 

Қазір біз жасанды интеллектіні құрал ретінде қолданып жатырмыз. Бірақ жақын арада жасанды интеллект журналистердің орнын баса алады деген пікірге көз қарасыңыз қандай? 

Медиа саласына байланысты айтатын болсақ, Тараз қаласында Taraz24 каналы бар. Ол каналдың жүргізушілері жасанды интеллект. Барлық бағдарламаны жүргізбесе де, арасында жұмыстары бар. Бұның өзі 2-5 жылдың ішінде болайын деп жатқан жоспар емес, бұл дәл қазіргі уақытта болып жатқан факт. Жасанды интеллект расымен біздің өмірімізге кірді және оны мойындау керек. Оны өсіп келе жатқан бала дейік десек, жасанды интеллект жыл, ай сайын емес минут сайын өсіп келе жатыр. 

Интернет осыдан 20 жыл бұрын қоғамға қалай келді, жасанды интеллектте сіңіп кетеді. Ол кейбір мамандықтардың орнын бассада, оның адамнан ала алмайтын, қайталай алмайтын тұсы - эмоция. Сол себепті адамзаттың ұтып тұрған бірегейлігі эмоцияда. 

 

МАТЕРИАЛ АВТОРЫ: АРУЖАН КЕНЖЕБАЕВА

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады