Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен

03.06.2025, 11:11
3594
Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті

2009 жылы туған жасөспірім тыйым салынған жерде суға түскен боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысының Ақкөл ауылында 2009 жылы туған ер бала суға батып көз жұмды.

Жасөспірім тыйым салынған жерде суға түскен. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

- Екібастұзға қарасты Ақкөл ауылында болған қайғылы оқиға туралы хабарлама 2 маусым күні сағат 15.40-та келіп түскен. Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары шұғыл түрде көлге барып, сүңгуірлік-құтқару жұмыстарын жүргізді. Жасанды каналда сүңгуірлік-іздестіру жұмысын жүргізу барысында (суару арнасында) сағат 17.00-де 2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім тыйым салынған жерде шомылған. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Департамент мамандары тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және шомылуға тыйым салынған су айдындарында суға түспеуді ескертеді. 

Еске сала кетейік, Павлодарда жағажайлар ресми түрде бүгіннен бастап ашылады. 

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)