Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады

03.06.2025, 16:33
5649
Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады AP Photo

Осылайша Мәскеуді соғыс тоқтатуға мәжбүрлей аламыз дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампты Ресейге қарсы қатаң санкциялар енгізуге шақырды. Оның айтуынша, бұл Мәскеуді атысты толық тоқтатуға мәжбүрлей алады.

Бұл мәлімдеме Стамбулда Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздер аяқталғаннан кейін жасалды.

"Басқа жолмен түсінбейді. Сондықтан әділ шешім — санкциялар", — деді Зеленский. Ол АҚШ-тың бұған дейін атысты толық тоқтату туралы сигнал бергенін және Киевтің бұл бастаманы қолдағанын еске салды. Сондай-ақ, Зеленский АҚШ Сенаты жақын арада жаңа санкциялар пакетін қабылдайды деген үміт білдірді.

Украина президентінің кеңсесі басшысы Андрей Ермак та Telegram парақшасында әріптестеріне санкцияларды күшейтуге шақырды. "Ресей атысты тоқтатуға тырыспайды. Қазір жаңа санкциялар өте маңызды. Ресейге ақылмен әсер ету мүмкін емес", — деп жазды ол.

Келіссөздер нәтижесі

Стамбулдағы бір сағаттан астам уақытқа созылған келіссөз барысында тараптар әскери тұтқындарды алмастыру туралы келісті. 1000–1200 адам өз еліне оралуы мүмкін. Сонымен қатар, украин делегациясы Ресейге күшпен әкетілген балалардың тізімін берді. Ермактың айтуынша, балаларды қайтару — "әділетті бейбіт келісімнің ажырамас бөлігі және сенімнің алғашқы тесті".

Украина қорғаныс министрі Рустем Умеров Киевтің үш негізгі талабын атады:

  1. Үш ай мерзімге атысты толық тоқтату;
  2. Барлық әскери тұтқындарды босату;
  3. Ұрланған балаларды қайтару.

Сондай-ақ, Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путин арасында жеке кездесу өткізу ұсынылған.

Ресейдің жауабы

Ресей делегациясы өз ұсынысын келіссөз кезінде ұсынды. Онда бұрын айтылған талаптар қайталанды:

  1. Украина Крым мен төрт аннексияланған облысты Ресейдің бөлігі ретінде мойындауы;
  2. Әскери блоктарға қосылудан бас тартуы;
  3. Шетелдік әскерлерді ел аумағына кіргізбеуі;
  4. Украина армиясының санын шектеу және "ұлтшылдық құрылымдарды тарату".

Мәскеу атысты тоқтатуға дайын екенін айтты, бірақ шарт ретінде Украина әскерін Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарынан шығарып, батыс қару-жарағын жеткізуді тоқтатуды талап етті.

Алайда Киев кез келген аумақтық жеңілдіктерден біржола бас тартқанын бірнеше рет мәлімдеген.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды