«Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды

03.06.2025, 17:48
3902
«Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды cruiseradar.ru

Ақтаудан Махачкалаға дейін жетуге болады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2025 жылдың соңына дейін Каспий теңізінде халықаралық круиздік лайнер іске қосылады. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитеті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Маңғыстау облысы круиздік туризмді дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Осы бағытта Ақтау мен Құрық порты аралығындағы жағалау аймағында теңіз курорттары мен жағажайлық демалыс орындары дамытылады. Бұл мақсатта жаңа инфрақұрылым нысандары – қонақүйлер мен тақырыптық ойын-сауық паркі салынады.

Круиздік бағытқа ресейлік "су бетіндегі бес жұлдызды қонақүй" үлгісіндегі лайнер қосылады деп жоспарланып отыр. Ол Каспий маңындағы бірнеше портқа аялдайды: Ақтау (Қазақстан), Астрахань және Махачкала (Ресей), Түрікменбашы (Түрікменстан), Энзели, Ноушехр және Амирабад (Иран), Баку (Әзербайжан).

Лайнер алғашқы сынақ рейсін жыл соңына дейін, пайдалануға беру актісі алынған соң жүзеге асырады.

Сонымен қатар, круиздік маршруттарды дамыту мақсатында Каспий жағалауындағы елдермен келісімдер әзірленуде. Бұған дейін Әзербайжанмен (2020 ж.) және Иранмен (2019 ж.) келісім жобалары бастамаланған. Қазіргі таңда басқа да жағалаудағы мемлекеттердің ұстанымы күтілуде.

Комитет жобалар тек жеке инвестициялар арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті. Мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу жоспарланбаған.

Қазақстандық шабандоздар Ресей мен Беларусьтегі халықаралық жарыстарда топ жарды «Сақалдары сапсиып, жиіркенішті»: Атыраулық блогер әйел ер адамдарға тіл тигіземін деп жаза арқалады Бибігүл Шпанованы өлтірген қаскөй неге Маңғыстау облысында қолға түскен? «Ninety One болмаса, біз де болмас едік»: қазіргі хит әнші Ильхан жаңа буын жайлы пікір білдірді Қыздарды топпен зорлаған басты күдікті араға 13 жыл салып ұсталды Пойызда босанған әйел жаңа туған сәбиін дәретхана тесігіне тастап жіберген Жиналыстағы «романтика»: Шенеунік бейәдеп әрекеті үшін жұмыстан қуылды Астаналық танымал мектеп директоры қызметінен не себепті кеткенін түсіндірді 27 шілдеге арналған ауа райы болжамы: бұршақ пен дауыл күтіледі 26 шілдеге арналған ауа райы болжамы: найзағай, дауыл мен аптап ыстық күтіледі Көкшетауда 21 жастағы жігіт мектеп оқушысын жезөкшелікке салған «Жылаған жоқ»: Перизат Қайрат пен анасы үкімді қалай қабылдады? Қорғаушылар Хутиевтің ісіне байланысты тергеу жұмысына күмән келтірді «Ақшаны шашуды қойыңдар!»: Танымал бапкер 20 млрд теңгеге салынып жатқан стадионның жасанды төсенішіне сын айтты «Шапағат медалінен айыру, мүлкін тәркілеу, түрмеге тоғыту»: Перизат Қайрат пен анасына сот шешім шығарды Алматы тауларындағы курорт Тимур Құлыбаевтың қолына өтті «Еркектің тағдыры әйелдің қолында»: Нұрғали Нүсіпжанов араға жылдар салып әйелімен романтикалық бейнелерді жариялады (ВИДЕО) Мирзиёевті қорлады деген адамды Әзербайжан билігі Өзбекстанға беріп жіберді «Өзі де, көмекшілері де жауап бермеді»: Ильхан Ихсан әнші Қайрат Нұртас туралы Хайп үшін бәріне дайын: Жасөспірім тренд үшін жол белгісіне асылып тұрған