Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО)
Баян Алагөзова алғаш рет кіші қыздарының суретін жариялады
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі қазақстандық продюсер Баян Алагөзова (Мақсатқызы) алғаш рет кіші қыздары – Алиса мен Алманың жүзін ашық көрсетті. Ол балалардың суретін Instagram парақшасында жариялап, жазбасын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнаған.
"Балаларды қорғау күнінде сіздерге кіші қыздарымыз Алиса мен Алманы таныстыруды жөн көрдім", – деп жазды продюсер.
Жазба желі қолданушылары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көпшілік продюсердің бұл қадамын жылы қабылдап, сәбилерге ақжарма тілектерін жаудырды.
Пікірлер арасында: "Қандай әдемі қыздар", "Бүгін ерекше күн екен", "Сары қызы Баянның өзінен аумайды", "Оң жақтағысы анасына ұқсайды, сол жақтағысы әкесінің көшірмесі", "Қуыршақтай әдемі", – деген сияқты жылы лебіздер көптеп кездеседі.
Айта кетейік, Баян Алагөзова бұған дейін екі мәрте түсік тастағанын, кейіннен суррогат ана қызметіне жүгініп, ана атанғанын ашық айтқан болатын.
Материал авторы