Haribo конфеттерінен каннабис табылды

03.06.2025, 11:33
5152
Haribo конфеттерінен каннабис табылды Richard Drew/Copyright 2025 The AP.

Бірнеше адам, оның ішінде балалар да, өзін жайсыз сезінгендерін хабарлаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бельгияда Haribo компаниясы 1 келілік Happy Cola F!ZZ конфеттерін сатылымнан кері қайтарып жатыр. Себеп – кейбір орамдардан каннабис табылған. Бұл туралы елдің азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі (FAVV-AFSCA) растады.

Компанияның мәлімдеуінше, бұл – алдын алу шарасы. Бельгиямен қатар, өнім Нидерланд пен Люксембургтегі сөрелерден де алынып тасталды.

“Конфетті тұтынғаннан кейін бас айналу секілді денсаулыққа қатысты шағымдар түсуі мүмкін”, – делінген Haribo мен FAVV-AFSCA таратқан бірлескен мәлімдемеде.

Аталған партия өнімінің өндірістік коды – L341-4002307906, жарамдылық мерзімі – 2026 жылдың қаңтарына дейін. Бұл конфеттер Нидерландыда жүргізілген сынама кезінде тексеріліп, үш орамда каннабис анықталған. Кейін бірнеше адам, оның ішінде балалар да, өзін жайсыз сезінгендерін хабарлаған.

Қазіргі кезде голландиялық билік тәттінің ішіне каннабистің қалай түскенін тексеріп жатыр. Бельгияда әзірге улану немесе денсаулыққа шағымдану жағдайлары тіркелмеген.

Тұтынушыларға бұл өнімді жеуден бас тартып, Haribo компаниясының Бельгиядағы кеңсесіне қайтару ұсынылды. Қайтарым жасаған азаматтарға өтемақы төленеді.

“Біз арнайы желі аштық, әзірге Бельгия тұрғындарынан шағым түскен жоқ”, – деді агенттік өкілі Лисбет Ван де Ворде.

Каннабис — құрамында тетрагидроканнабинол (THC) атты психоактивті зат бар өсімдік. Ол адамның жүйке жүйесіне әсер етіп, эйфория, бас айналу, реакция баяулауы, кейде галлюцинация сияқты әсерлер тудырады. Бұл зат жиі марихуана немесе гашиш ретінде белгілі, кейбір елдерде медициналық мақсатта заңдастырылған, ал көптеген мемлекеттерде есірткі деп танылады және заңмен тыйым салынған.

 

Азық-түлік өнімдерінде оның болуы — адам денсаулығына қауіпті, әсіресе балалар үшін. Сондықтан мұндай оқиғаларға өте мұқият қаралады.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды