Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды

03.06.2025, 13:52
3832
Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Reuters

Енді 18 жасқа толмаған қыздың күйеуге шығуы – зорлау деп бағаланады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Пәкістанда қыз балалардың некеге тұруының ең төменгі жасы 16-дан 18-ге көтерілді. Бұл туралы The Telegraph басылымы хабарлады.

Жаңа заң парламенттің екі палатасында да бірауыздан қабылданды. Құжат ерте жастағы некеге тосқауыл қоюды және балалардың құқығын қорғауды көздейді.

Енді кәмелетке толмаған адамның, яғни 18 жасқа толмаған баланың өзіне қамқор емес ересекпен бірге тұруызорлау деп бағаланады. Мұндай әрекет үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және кемінде 1 миллион пәкістандық рупий (шамамен 1,6 млн теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Дегенмен, бұл заңға Пәкістанның Ислам идеологиясы кеңесі қарсы шықты. Кеңес бұл заң ислам нормаларына қайшы деп санайды. Олар бала некесін қолдамайтындарын айтқанымен, 18 жасқа дейінгі некені зорлау деп тануға қарсы.

Бұған дейін елде британдық отарлық кезеңнен қалған ескі заңнама бойынша, ұлдар үшін – 18, қыздар үшін – 16 жас некеге тұрудың заңды шегі болып келген. Бірақ іс жүзінде көптеген қыз бала ерте жаста күйеуге берілуінжалғастырып келген.

Жаңа заң әзірге ел астанасы Исламабад аумағында ғана күшіне енді. Билік оны болашақта бүкіл ел бойынша енгізуді жоспарлап отыр.

Заң жобасын талқылау кезінде сенатор Насима Эхсан сөз алып, өзін 13 жасында тұрмысқа бергенін айтып, мұндай тәжірибеге нүкте қою қажеттігін атап өтті.

Құжатта бала неке екі жынысқа да зиян келтіретіні, әсіресе жыныстық жетілу кезеңіндегі, аналыққа психологиялық және физикалық тұрғыдан дайын емес қыз балалар үшін қауіпті екені баса айтылған.

Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды