SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша Жетісу облысында өтіп жатқан сот отырысында басты айыпталушы Абзал Шынасыл жарыссөз кезінде тағылған айыпты мойындамайтынын айтты.
Шынасыл сөзін марқұмның отбасына көңіл айтып, кешірім сұраудан бастады. Алайда ҚР ҚК 99-бабы – "Адам өлтіру" бойынша тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді.
"Мен Шерзатты өлтірген жоқпын. Егер өлтірсем, мойындайтын едім. Мен жалған айтқан жоқпын. Тек жалғыз қателігім – өз мойныма алғаным. Бірақ мен жазадан қорықпаймын. Тек әділетті үкімшығаруыңызды сұраймын. Маған ҚР ҚК 106-бабы – 'Қасақана ауыр дене жарақатын келтіру'бойынша жаза тағайындасаңыздар деймін", – деді сотталушы.
«Әкімнің баласы емеспін, анаммен ғана тұрамын»
Сондай-ақ Абзал Шынасыл әлеуметтік желілерде тарап жатқан "әкімнің немесе депутаттың баласы" деген қауесетті жоққа шығарды.
"Мен жалғызбасты анаммен тұрамын. Ешқандай қылмыстық топ емеспіз. Бұл жағдай алдын ала жоспарланбаған. Тек оқиға солай өрбіді. Мен нақты кім өлтіргенін де айта алмаймын – қолымда айғақ жоқ", – деді ол.