Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ

03.06.2025, 15:15
3705
Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ әлеуметтік желі

Министрлік Ақжарқын ісі Бас прокуратураның бақылауында екенін жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистердің Ақжарқын Тұрлыбай ісіне қатысты сұрағына жауап берді.

СІМ өкілі қызды елге қайтару бойынша барлық қажетті шаралар қабылданғанын, енді бұл іспен Бас прокуратура айналысып жатқанын мәлімдеді:

“Бас прокуратура желісі бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Қажеттінің барлығын жасадық. Әрі қарай Бас прокуратура ақпарат алмасу бойынша жұмыс істейді”, – деді Смадияров.

Сонымен қатар ол елшілік қызметкерлері Ақжарқынмен кездескенін растады. Оның айтуынша, бұл – Қазақстан елшілерінің жыл сайынғы міндеті:

“Иә, бұл біздің елшінің жыл сайынғы міндеті — шетелдерде түрмеде отырған азаматтарға бару. Сондықтан жұмыс атқарылып жатыр”, - деді ол.

Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Қытайда есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Оның ісі әлі күнге дейін қазақстандық қоғамда жоғары резонанс тудырып келеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді