Серікзат Дүйсенғазы: Жастар Қазақстанның саяси сахнасында көшбасшы болуға дайын ба?

14.11.2024, 12:14
219
Серікзат Дүйсенғазы: Жастар Қазақстанның саяси сахнасында көшбасшы болуға дайын ба? instagram.com/serikzat_duisengazy

Қазақстанның әдебиет және өнер саласындағы көрнекті тұлғаларының бірі – Серікзат Дүйсенғазы. Ол айтыс өнерінің дамуына елеулі үлес қосып, қазақ әдебиетін байытқан ақын әрі жазушы ретінде танымал.

Серікзат Дүйсенғазы ұлттық құндылықтарды насихаттай отырып, қазақ поэзиясы мен айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оның шығармалары қазақтың рухани байлығын көрсетіп қана қоймай, қазіргі қоғамның маңызды мәселелерін де қозғайды. Серікзат Дүйсенғазының шығармашылық жолы 20 жылға созылып, осы уақыт аралығында ол көптеген әдеби туындыларды жазып, айтыс алаңында талай мәрте топ жарды.

Бүгінде ол әдебиет саласында жастарды тәрбиелеп, Еуразия Ұлттық университетінде студенттерге сабақ беріп, өз білімін бөлісуде. Біз бүгін Серікзат Дүйсенғазыдан қазіргі саясат және саяси қызметтегі жастардың рөлі туралы сұқбаттасатын боламыз. 

Қазіргі таңдағы Қазақстанның саяси жағдайын қандай деңгейде деп ойлайсыз?

Қазақстанның қазіргі таңдағы саясаты өте жақсы деңгейде деп айтуға болады. Біздің саясатымыз бейбітшілік бағыттағы саясат. Барлық елдермен жақсы қарым-қатынас орнату. Сонымен қатар біздің Қасым-Жомарт Кемелұлы сыртқы саясатта беделі бар адам. Ол БҰҰ-да жұмыс істеген. Сондықтан ол кісі барлық әлемдік деңгейдегі лидерлерді таниды. Оның жүргізіп жатырған саясаты жақсы бағытта келе жатыр, себебі еліміздің беделі артып жатыр, басқа елдермен қарым-қатынастың нығаюына жақсы әсерін тигізіп жатыр. Осының барлығы сыртқы саясатымыздың қалыпты жүріп жатқанының дәлелі деп білемін. Әрине, ұсақ-түйек кемшілік болады. Енді ішкі саясатымызға келетін болсақ, біздің елмен терезі тең елдер арасында салыстырмалы түрде қарасақ, Қазақстанның ішкі саясаты жүйелі жүргізіліп жатыр. Мен өзімізбен қатарлас елдерге жиі барып тұрамын, олармен салыстырғанда, біздің жағдайымыз әлдеқайда жоғары. Байқалады. Сондықтан, өзіміз қатарлас елдердің ішінде әрине біз лидерлердің біріміз.

Қазіргі таңда Қазақстанда саяси салмағы бар шенеуніктердің саны өте аз. Саусақпен санарлықтай. Неліктен қазір олардың саны азайып кетті?

Саяси салмағы бар шенеуніктер азайып кетті деп мен айта алмаймын. Бұрынғылармен салыстырмалы түрде айтып жатырсыз ғой. Қазіргі Қазақстанның саясатында жақсы, жаңа тұлғалар қалыптасып жатыр. Жастар да келді саясатқа.

Қай заманда болып еді айтыскер-ақындар парламентте сөз сөйлегені? Біздің Ринат Заитов та сөйлеп жатыр ғой. Әдебиеттің өкілдері, журналисттер парламентке барды ғой. Біреулер айтады ол жерде тек заңгерлер деп. Заңгерлер де бар ол жерде, бірақ, дегенмен де баланс болуы шарт. Қоғамнын сөзін сөйлейтін азаматтар да болуы керек. Олар міне саясатқа келді, біраз мәселелерді көтеріп жатыр. Жаңа министрлер, әкімдер келіп жатыр. Жастарды қазір тартып, көтеріп жатыр. Бұның барлығы дұрыс нәрсе деп ойлаймын. Бұрындары әрине болды. Көп жылдар отырып, танымал болған саясаткерлер. Қазір ондай деңгейдегі саясаткерлер болмағанымен де, қоғамға беделді саясаткерлер бар.

Ел алдында қандай негізгі саяси мәселелер тұр? Яғни қандай саяси мәселелерді қозғау керек деп ойлайсыз? Мәселен осы жақында ғана АЭС тың құрылысы бойынша наразылықты байқадық халық тарапынан.

АЭС-ке байланысты халық тарапынан наразылық болды әрине. Бірақ, өзім жақында Франция еліне барып келдім, онда АЭС көп салынған. Ал Германияда жасыл энергияға көшеміз деп, АЭС тен бас тартқан, бірақ оларда әлі жұмыс істеп жатыр мысалы. Егер де АЭС зиян болатын болса, Франция өзіне 30 аса АЭС салмайдығой. Француздар қазір мәдениетте болсын, экономика жағынан да алдыңғы қатарлы мемлекет қой. 

Мысалы, Жапония, Ресей өзіне АЭС салмайтын едіғой, егер АЭС зиян болатын болса. Бізде қазір халықтың санасында Чернобыль жарылып кеткен, бізде оны салатын өзіміздің мамандар жоқ, шетелдік мамандар істейді. Кейін, сол арқылы бодан болып қаламыз деген халықтың бойында қорқыныш бар. Қазақстан енді тәуесіздік алып, осыншама арман мұратымыз тұрғанда, бір АЭС ке бола сонда жағдайға ұшырап қалады деп ойламаймын. Әрине, мен де қауіптенем, бірақ қауіптің ар жағында ойым, арманым Қазақстан жақсы болса екен деймін. Қазақстан энергетикасы мықты, дамыған ел болса, несі жаман? Солай емес пе? АЭС деген ол құбыжық емес қой.

Енді жастар туралы сөйлессек. Сіз Еуразиялық Ұлттық  университетінің сабақ беретіндіктен, жастармен жиі байланыста боласыз. Қалай ойлайсыз жастардың саяси белсенділігін арттыру үшін қандай қадамдар жасау қажет?

Жастардың саяси белсенділігі төмен деп айтуға болмайды. Бізде қазір жастардың саяси белсенділігін қалай түсінеді? Тек билікпен дауласып жатқан жастарды көрсе, міне саяси белсенді деген түсінік қалыптасқан. Әрине,дұрыс емес нәрсені дұрыс еместігін айтып, керек. Алайда, осы мемлекетті дұрыстаймын деген ниетте болуы тиіс. Саяси белсенді боламын деген адамға ешкім бөгет жасап жатқан жоқ. Бүкіл әлемнің саясаты ашық тұр. Қазір жастардың көзі ашық, көкірегі ояу. Біздің университеттің өзінде жылына мыңдаған студент шетелге оқуға кетіп жатыр. Шетелде оқып, саясатын танып жатқан жастардың саяси белсенділігі төмен деп кім айталады? Ешқандай шектеу жоқ. Мысалы, қазір билік партиясы “Аманат” бар және оппозициялық партия бар. Олардың әрине саясатта көзқарасы қарсы болады, бірақ түбінде қазақты әлемдік деңгейге шығару мәселесіне келгенде олардың мүдделері тоғысу керек. Жастар осы бағытта жұмыс істесе деймін. Ешкім олардың айтуына шектеу қойып жатқан жоқ.

Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер мен цифрлық технологиялар жастардың саясатқа қатысуына қалай әсер етіп жатыр деп ойлайсыз? 

Қазір әлеуметтік желілер жақсы әсер жатып жатыр. Ол қазіргі таңд ашық алаңға айналды. Мәселен, Facebook әлеуметтік желісі. Кез-келген қоғамдық жағдай талқыланады ол жерде. Мамандар да, халық та өз пікірлерін білдіре алады. Қазір не көп сайт көп. Әртүрлі пікір бар сайттарда. Сол әртүрлі пікірден келіп, шындық ашылады. Адамдар әртүрлі көзқарастарды салыстырып, өз пікірлерін қалыптастырады, осы әлеуметтік желінің арқасында. Біздің мүддеміз 1-ақ мүдде. Қазақстанды алдыңғы қатарлы ел қылып шығару. Себебі менің өмірім мәңгі емес. Сондықтан арттағы ұрпаққа дұрыс нәрсе қалдыру керек. Саясатпен айналысатын жастардың өзі бірінші мемлекетшіл болуы керек. Олар мемлеетшіл болған жағдайда ғана Қазақстанның болашағы жақсы болады деп сенемін.

Жастардың саяси үрдістерге белсенді қатысуы Қазақстанның болашағына қалай әсер етуі мүмкін деп санайсыз? Мүмкін корупцияның азаюына көмектесе ме? Осы тараптан өз ойыңызбен бөліссеңіз. 

Қазір жастар щетелге барып оқуға мүмкіндік алды. Коррупцияның зиян екеніне көздері жетіп жатыр. Жастарлың көбі қазір жан-жақты бақлап, салыстырып қарайды, тіл біледі. Бұның барлығы бізге ертең жақсы әсер етеді. Сол жастарымыз ертең сол шетелден алған жақсы игіліктерін елімізге келіп сөйлейтін болса, коррупцияға түбегейлі балта шабуға мүмкіндік бар. Кейінгі жастар Қазақстанды түзейді деп ойлаймын.

Саясатқа араласқысы келетін жастардың алдында қандай кедергілер бар? Оларға саясатқа араласуға не кедергі болуы мүмкін? 

Саясатқа араласуға ешқандай кедергі жоқ. Әрине әр мемлекеттің өз заңы бар. Соған қайшы жұмыс істмесе болды. Мемлекет дұрыс бағытта дамуы үшін, заңды тетіктер болмаса болмайды. Екінші өте маңызды нәрсе ол қазақи менталитет. Мысалы, біздің шындықты айтатын алаңдарымыз бар ғой, шешендеріміз, билеріміз болған. Енді қазір оны айтатын партиялар бар. Әлеуметтік желілер бар. Халық айтқанынша айтады. Біз сынап жатамыз айта алмады деп. Айта алатын адам айтып жатыр. Сондықан менің ойымшақатты шектеу жоқ. Тек қана мелекеттің мүддесіне қауіп төнбесе екен деймін. Себебі қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекет ретіндегі дамуында қауіп төніп кетуі мүмкін. Сондай жағдайда әрине шектеу қойылуы тиіс. Оны мен қолдаймын. Сондықтан ең бірінші мәселе көзінің қарасындай осы мемлекетімізді сақтау керек.

 

МАТЕРИАЛ АВТОРЫ: АДИЯ ӘДІЛЕТҚЫЗЫ 

Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды «Менің адамым»: Ақбота-Нұрдың құпиясы әшкере болды «Полицейлерге пышақ тақаған жоқ»: Куәгерлер Қаржаубай Нұрымовтың тек әділ шешім сұрағанын айтты Даниал Ахметов кетті, Рыпакова келді Оралдық ана қызын сыныптастары соққыға жыққан соң мүгедек боп қалғанын айтты Субсидия сарсаңы: Шағын шаруашылықтар қолдауды сезініп жүр ме? Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін ерлер алтынға таласады Тұман түсіп, аяз болады: 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды Әлеуметтік желілердегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскериқызметшілерінің танымал бейнероликтері Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтерін тартып алған компания бастығы ұсталды 11 рет баласы шетінеп кеткен алматылық әйел тұңғышын аман-есен өмірге әкелді Уақыт өткен сайын айыппұлдың түр-түрі шыға бастады «Шетелдік дәрігерлер басқа диагноз қойды»: Баян Мақсатқызы 25 жыл бойы қандай аурумен күресіп жүргенін ашып айтты Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан тағы 2 алтын еншіледі Қазақстанда аутизм және Даун синдромы бар 100-ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады Бокстан Азия чемпионаты: Ел қоржынына 3 алтын түсті «Әйнекті сындырды»: Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушы ұсталды (ВИДЕО) Мен алдандым: «Астана» мен «Челси» кездесуіне 30 мың теңгеге билет алғандар өкініп жатыр «Үйілген қоқыста ұйықтап жүр»: Павлодар облысында 10 жасар қыз маскүнем әжесімен бірге тұрып келген