Дана Нұржігіт: Адамнан алаяқтық арылмайды, халық болып күресуіміз керек! (ВИДЕО)

15.11.2024, 16:30
619
Дана Нұржігіт: Адамнан алаяқтық арылмайды, халық болып күресуіміз керек! (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Экс-депутат Дана Нұржігіт жастардың бастамасымен құрылған Alayaq.net жобасының форумына қатысқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған екі жылдық республикалық «Alayaq.net» жобасының қорытынды форумына қатысқан танымал тележүргізуші, экс-депутат Дана Нұржігіт пікір айтты.

Бұл жоба туралы бұрыннан хабардармын. Жобаны қолға алып жатқан - менің алдыма бала болып келген 30-дың ордасын бұзып жүрген жастар. Заманға сай білім алған жастар. Адамнан алаяқтық арылмайды ғой, рас. Кішіміз де, еңкейген кәріміз де осы алаяқтық схемаларға түсіп жатамыз. Залға жиналғандардың 50 пайызы алаяқтықпен бетпе-бет келдік деп отыр. Бұл - сұмдық көрсеткіш, – деп ашынды ол.

Экс-депутат адаммен емес, машинамен, жасанды интеллектпен жарысып келе жатқан заманда өмір сүреміз деп отыр.

Alayaq.net сияқты цифрлық журналдың республика деңгейінде таралатыны - қуантарлық жағдай. Үлкенге де, кішіге де пайдалы болар еді. Қартайдық деп қол қусырмай, қаржылық сауатымызды арттырған жөн, - деді ол.

Тележүргізуші алаяқтыққа қарсы барлық терминді жатқа білу керектігін алға тартты.

Киберполицияға келіп жеткен көптеген шағым, өмір бойы жинаған дүниесінен айырылып қалған адамдар, қара ниет, қара пиғылды алаяқтардан қазір аяқ алып жүре алмайсың. Өте қиын жағдай. Біз мұнымен халық болып күресуіміз керек! - деп нақтылады Дана Нұржігіт.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды