«Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты

22.11.2024, 11:11
769
«Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты AP Photo

Ресей президенті соғысты ушықтырмау туралы өтінішті елемейді дейді жұрт.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Украина президенті Владимир Зеленский Путиннің Днепрге жаңа баллистикалық зымырандармен жасаған шабуылы жөніндегі мәлімдемесіне жауап берді. Бұл туралы Зеленскийдің Telegram-дағы ресми арнасы жазды.

Зеленский Ресейдің Днепрге жаңа зымырандарымен соққы жасау арқылы қақтығысты ушықтыруға елеулі қадам жасағанын айтты.

«Бұл – соғыстың ауқымы мен қатыгездігінің айқын ұлғаюы, Ресейдің БҰҰ жарғысын дөрекі түрде бұзуы. Мынаны айта кетейін: бұл Ресейдің эскалацияға бір жыл ішіндегі екінші қадамы. Алғашқы қадамы Солтүстік Кореяны – кем дегенде 11 мың сарбаздан тұратын контингентті Украинаға қарсы соғысқа тартуы болды», – деді Украина басшысы

Оның айтуынша, Ресей президенті соғысты ушықтырмауға шақырғандарды елемейді.

«Оның Қытайдың, Бразилияның, Еуропа елдерінің, Американың, әлемнің басқа елдерінің не талап етіп жатқанына түкіргені бар. Бұл мүлдем себепсіз соғысты бастаған және соғыстың мың күннен астам уақытқа созылуына себепкер болған жалғыз адам – Путин», – деп жазды Зеленский.

Днепрге жасаған соққысымен Ресей бейбітшілікті қаламайтынын растады, деп санайды Украина президенті. Зеленскийдің айтуынша, мұндай әрекеттер Украинаның ұзақ қашықтықтағы қаруды қолдануына жауап бола алмайды, өйткені Украина мұны бұрын да жасаған.

«Біз бұл қаруды бірінші рет қолданып отырған жоқпыз және біздің өзімізді қорғау құқығымыз басқа елдермен бірдей. Ресей зымырандары біздің қалаларға соққы берген кезде, Украинаға әр түнде ирандық «шейіттер» шабуыл жасағанда, Солтүстік Кореядан келген контингент шекарамызға орналастырылған кезде, Путин соғысты қиындатып қана қоймады, ол әр кез бейбітшілікті қалпына келтіруді қалайтындардың бетіне түкіріп отыр», - деп жазды Зеленский

Ол әлем елдерін Ресей Федерациясының әрекетіне назар аударуға шақырды.

«Әлем бұған реакция жасауы керек. Қазір әлем тарабынан ерекше реакция жоқ. Путин мұндайға өте сезімтал. Ол сіздерді тексеріп отыр, құрметті серіктестер. Бұл соғысқа бірден-бір кінәлі, осы соғысты 24 ақпанда бастап, соғыстың жалғасуына бар күш-жігерін салып жатқан кім екені баршаға аян. Оны тоқтату керек. Егер Ресейдің әрекетіне қатал реакция болмаса, олар осылай істеуге болатынын көріп отыр. Міне, Путиннің істеп отырғаны», - деді ол. 

Ол Украинаның серіктестерін Ресейді бейбітшілікке үндеуге шақырды. Еске салайық, кеше, 21 қарашада Путин арнайы үндеу жасап, Украинадағы қақтығыс жаһандық сипат алғанын мәлімдеген болатын.

Оның айтуынша, 19 қарашада америкалық 6 ATACMS зымырандары және 21 қарашада британдық «Storm Shadow» жүйелері Курск және Брянск облыстарындағы нысандарға соққы берген. Бұған жауап ретінде 21 қарашада Ресей Украинаның Днепріне ядросыз жаңа гипер дыбысты «Орешник» зымыранымен соққы берді.

Мүгедектігі бар 80 қазақстандық сұранысқа ие кәсіпті оқып, жұмыс тапты Атырауда Жем өзенінің арнасы тереңдетіліп, ені 50 метрге кеңейтілді Ертең күн жартылай тұтылады Брон жарқырауы тиіс! Ұлттық ұлан әскери техниканы шеруге дайындауда «Семіріп кеттім»: Қайрат Нұртас өзіне сыймай қалған костюмін ақтөбелік тыңдарманына сыйлады Елордада ауыл педагогтеріне арналған республикалық интенсив басталды «Үнемі ұрамын, үнемі балағаттаймын»: Ауруханада әйелін ұрып тастаған ер адам «ұруға кедергі жасайтын заңға» қарсы шықты Қара жамылып, ту ұстағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ аукционда сатылды «Үйленгеннен кейін концерт қояды»: Меруерт Түсіпбаева 6 қабаттан құлап қаза болған әйел туралы Мерт болған паралимпиадашы Нышан Өмірәлінің ақшалай жүлдесі отбасына берілетін болды Маңғыстау даласында сирек кездесетін cоғды қызғалдағы гүлдеді Қарағандыда мотоцикл мінген 17 жастағы бозбала қаза тапты «Мүгедек» деп көк қағаз берді»: «Диета» тобының әншісі Жасұлан Базарбай сырын ақтарды «Тамақты сырттан ішіп келемін»: Айнұр Тұрсынбаева «жұмсақ» ене екенін айтты Айша бибі кесенесінің маңын «басып» алған кәсіпкерлер сотталды Ақтөбелік полицей өз танысын қызметтік қаруымен атып тастады Қазақстанның Ұлттық ұланы су тасқынымен белсенді күресуде Нұрғали Нүсіпжановтың сырт келбетіндегі өзгеріс қызу талқыға түсті Екі студентін жертөледе аяусыз ұрып тастаған колледж директорының орынбасары сотталды