Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаттықтырушылар штабы Чианг Майда (Таиланд) өтетін Азия чемпионатына қатысатын құрамды жасақтады.
Таиландта отандастарымыз 13 салмақ бойынша жүлдеге таласады.
48 кг дейін: Санжар Тәшкенбай
51 кг дейін: Сакен Бибосынов
54 кг дейін: Махмұд Сабырхан
57 кг дейін: Оразбек Асылқұлов
60 кг дейін: Бейбарыс Жексен
63,5 кг дейін: Мұхамедсабыр Базарбайұлы
67 кг дейін: Дулат Бекбауов
71 кг дейін: Абылайхан Жүсіпов
75 кг дейін: Диас Молжігітов
80 кг дейін: Ерасыл Жақпеков
86 кг дейін: Бекзат Нұрдәулетов
92 кг дейін: Сағындык Тоғамбай
92 кг жоғары: Айбек Оралбай
Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.
Материал авторы