Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді
Украина-НАТО Кеңесі Ресейдің Украинаның әскери-өнеркәсіптік кешенінің нысандарына жаңа баллистикалық зымыранды қолдануына байланысты шұғыл отырыс өткізбек.
«Украина мен НАТО сейсенбіде кеңес отырысын өткізіп, Украинаға ресейлік гиперсоникалық баллистикалық зымыранның әсерін бағалайды», - делінген AFP агенттігі таратқан ақпаратта.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин өз азаматтарына Жолдауында Мәскеу америкалық және британдық алыс қашықтықтағы зымырандармен шабуылдарға жауап ретінде Украинадағы нысандарға ең жаңа орта қашықтықтағы «Орешник» баллистикалық зымыранымен соққы жасағанын айтқан.
Материал авторы