2-ақ адам қалған: Солтүстікте жыл соңына дейін 45 ауыл картадан жойылатыны белгілі болды

Аиса Махамбет Редактор
24.11.2024, 15:35
1083
2-ақ адам қалған: Солтүстікте жыл соңына дейін 45 ауыл картадан жойылатыны белгілі болды Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Солтүстікте ауылдар картадан сызылып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 45 ауыл қысқартылады. Қазір осыған байланысты әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы шықты. Бұл елді мекендерде 10 адамнан аз тұрады. Енді жергілікті билік өкілдері оларға "болашағы бар" деген ауылдарға көшуге көмектеседі. Бұл туралы “Хабар 24” арнасы жеткізді.

Өңірде жабылайын деп тұрған ауылдың бірі Краснопёровка. Кезінде бұл елді мекенде 120 үй болған. Тоқырау жылдары кеңшар тарап, жұмыссыз қалған тұрғындар жан-жаққа көшіп кеткен. Соңғы сегіз жыл мұнда екі-ақ адам тұрады. Солардың бірі – Атлас Файрушин. Ол осы ауылға 90-жылдары көшіп келген. Қазір әйел, бала-шағасы қалада тұрады. Ал өзінің көшкісі жоқ. Елде азын аулақ қой ұстайды. Ескі болса да тракторы бар.

“Мен өзім қалада тұра алмаймын. Көп болсам, қан қысымым көтеріліп кетеді. Кезінде бұл үлкен ауыл еді. Кеңшарда 12 мың мал болды. Қазақ, орыс, татар – бәріміз тату-тәтті өмір сүрдік”, – дейді Краснопёровка ауылының тұрғыны Атлас Файрушин.

Солтүстік Қазақстан облысында биыл адам саны оннан аспайтын 45 елді мекен қысқартуға ұшырайды. Бұл мәселе облыстық әкімдік, мәслихат пен қоғамдық кеңесте қаралып, тиісті қаулы шығарылды.

“Бұл ауылдарда 10 адамнан кем тұрады. Орташа есеппен жалпы мысалы 3 адам тұратын бар, 5 адам тұратын бар, ауылдар бар. Осы 45 ауылдың ішінде жетеуінде мүлде тұрғын жоқ. Бұл азаматтарға басқа перспективасы жоғары ауылдарға көшуге көмек көрсетіледі”, – деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдірешов.

Заң бойынша 50 адамнан аспайтын ауылдар жабылуға тиіс. Оларға экономикалық тұрғыдан қаржы бөлу тиімсіз болып саналады. Қазір облыста осындай 141 елді мекен бар.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды