Атыраудағы мал сою цехінде 18 жастағы өзбек жұмысшыдан қауіпті дерт анықталды

25.11.2024, 16:52
623
Атыраудағы мал сою цехінде 18 жастағы өзбек жұмысшыдан қауіпті дерт анықталды wikimedia.org

Дәрігерлер оның қауіпті дерт – күйдіргіні малдан жұқтырып алғанын анықтады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қалаcында «Асыл-Агро» мал сою цехінде жұмыс істейтін 18 жастағы Өзбекстан азаматы 22 қарашада дене қызуы көтеріліп ауруханаға түскен. Дәрігерлер науқас қауіпті дерт – күйдіргі жұқтырып алғанын анықтаған.

Бұл ақпаратты Азаттыққа 25 қарашада Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растаған.

12 қарашада Атыраудағы мал базардың бірінде өлген сиырдан алынған сынама қорытындысы жануар аса жұқпалы ауруға шалдыққанын анықтаған. Ауру мал Атырауға Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылынан әкелінген.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағалиев қазір науқастың жағдайы тұрақты, ауруханада ем-дом алып жатыр деп хабарлады. Өлген малмен байланысқан 17 адам анықталып, тексерілген. Ауруханаға түскен шетел азаматынан басқа адамдардан ауру белгілері анықталмаған.

Ол 20 қарашада күйдіргі ошағы анықталған «Асыл-Агро» мал сою цехі аумағында карантин енгізілгенін айтты.

«Ветеринар мамандар карантин аумағындағы барлық малға толық вакцинация жасап, санитария шаралары жүріп жатыр» деді билік өкілі.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды