Апелляциялық сот 3 жасар қызды мүгедек қылды деген Ақтөбе ауруханасын ақтап жіберді

Аиса Махамбет Редактор
25.11.2024, 17:58
705
Апелляциялық сот 3 жасар қызды мүгедек қылды деген Ақтөбе ауруханасын ақтап жіберді жеке мұрағатынан

Облыстық сот аурухананы ақтап шыққан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында 3 жасар Балымның аяғы қатты күйіп, салдарынан жүре алмай, мүгедектік алған.

Балымның ата-анасының айтуынша, аурухана оған ота жасамай, уақытын созғандықтан, бүлдіршіннің жағдайы ушығып кетті. Олар аурухананы сотқа беріп жеңген еді. Алайда аурухана апелляциялық шағым түсіріп, облыстық сот оларды ақтап жіберді. Гүлдерай Ғаділшина Stan.kz редакциясына сот шешімімен келіспейтінін айтып берген.

12 қарашада апелляциялық сот шешімі шықты. Алайда Балымның анасы бұл шешіммен келіспейді. Алдымен сот-медициналық сараптама тағайындалып, онда аурухананың кінәсі жоқ екені көрсетілген. 

“Негізі 1-инстанцияда жасалмаған сараптама апелляция кезінде жасалмауы тиіс. Бірақ соған қарамай, тағайындады. 5 тамызда өттік.  Содан кейін қорытындысы айтылмай, хабарсыз кетті.  30 қазанда қоңырау шалды. “Астанадан сарапшы келді, қазір келіңіздер” деді, мен ол уақытта жұмыста болдым. Оның үстіне қызым жүре алмайтындықтан, бізге көлік алдырып, дайындалу керек. “Қазір келе алмаймын” дегесін,  “онда жақсы” деді. Ал қорытындыға келмеді деп жазып беріпті”, – деді Гүлдерай Ғаділшина.

Ғаділшина соттың бірінші сатысында аурухананың кінәсін дәлелдедік дейді. 

“Аутодерматопластика созылмай, тез жасалу керек. Ал аурухана кейінге шегере бергесін соңы осындай болғанын дәлелдедік. Аурухана қажетті ем жасамады, аппараттары болмады дедік.  Сол үшін сөгіс берілді. МӘМС баланың еміне берілді деген ақшаны қайтарып алған. Бірақ апелляциялық сот оны назарға алмады”, – деді ана.

Сот-медициналық сараптама аурухана тарапынан қателіктер анықталмады дейді. Сот соған сүйеніп шешім шығарғанын мәлімдейді.

“2023 жылдың 24 маусымда жауапкер мен баланың әкесі Мұқанғалиев арасында тегін медициналық көмек көрсету туралы шарт жасалған. Бала 2023 жылдың 24 маусымы мен 24 шілдесі аралығында балалар ауруханасында болған. Науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсетілді және күрделі қарқынды терапия (инфузиялық терапия, ауырсынуды басу, бактерияға қарсы терапия, стресстік жаралардың алдын алу, стационарлық бақылау, ата-анаға кеңес беру), оны шоктан шығаруға көмектесті.

Реаниматологтардың арқасында науқастың жағдайы жақсарып, шок жағдайынан шығып, бала жансақтау бөлімінен травматология бөліміне ауыстырылды.

Реанимация бөлімінде дұрыс жүргізілген интенсивті терапияның арқасында науқас күйік шогынан аз уақыт ішінде сауығып кетті. 

Аутодермопластика отасы жедел жәрдем ауруханасы дәрігерлерінің бос емес болуына байланысты 2023 жылдың 31 шілдесіне шегерілді. Олар медициналық көмек көрсетуден бас тартпаға және өз міндеттерін тиісінше орындау үшін барлық шараларды қабылдаған. Балалар ауруханасының дәрігерлербірлескен аутодермопластика отасын жасаудан бас тартпай, науқасқа медициналық көмек көрсетуге дайын болды. Алайда баланың ата-анасы отаны 31 шілдеге ауыстыруға келіспей, балалар ауруханасында стационарлық емделуден үзілді-кесілді бас тартып, сол күні  ауруханадан шығып, Орынбор травматологиясына кетіп қалды.

Жауапкердің көрсеткен ем-домының кесірінен баланың денсаулығына зиян келгені туралы дәлелдемелер келтірілмеген.

Баланың психикасы таңғышпен аяғын байлағаннан емес, күйік жарақатынан зардап шекті”, – делінген қорытындыда.

3 жасар Балым әлі аяққа тұрған жоқ. Осы уақытқа дейін оған Алматыда 3 ота жасалды. Қазір жағдайын бірқалыпты ұстап тұру үшін ата-анасы Америкадан гель алдыртады. Бір аяғына тутор, бір аяғына гипс тағылған. Бұлдіршінді қыста ақылы түрде тағы бір ота күтіп тұр.

Балымның анасы әділдік іздеп, Жоғарғы сотқа шағымдануға ниетті. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды