74 жастағы ақсақал қауіпті трюктер жасап, көпшілікті таңғалдырып жүр (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
25.11.2024, 19:04
535
74 жастағы ақсақал қауіпті трюктер жасап, көпшілікті таңғалдырып жүр (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Баймұқанбет Жұмаділов қауіпті трюктер жасайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 74 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны Баймұқанбет Жұмаділов қауіпті трюктер жасайды. Бұл туралы "Таңшолпан" бағдарламасының Youtube-тағы ресми арнасы жеткізді. 

Баймұқанбет Жұмаділов трюк жасауды әлеуметтік желіден үйренген. Ол екі саусағын жерге тіреп, кеудесімен емін-еркін көтеріле алады, бір қолымен тұрып та жаттығу жасай береді. Тіпті, бұл жаттығуларды қолын өткір пышаққа тіреп те орындайды.

"Бұрын спортпен айналысқанмын. Қазір соны жалғастырып жатырмын. 3 км жүгіремін, денені жерден көтеру жаттығуын 70 рет істей аламын. Оны бір-екі саусақпен де жасаймын", - дейді Жұмаділов. 

Қария жаттығуларының видеосын желідегі парақшасына жариялап отырады. Оларды немересі түсіреді екен. Баймұқанбет ата кейбір қауіпті трюктарды үйде қайталауға кеңес бермейді. 

"Бұл кісі спортқа қартайғаннан кейін келді, жас кезінде уақыт болған жоқ қой. Енді міне зейнетке шыққан соң спортпен айналысып жүр. Оның ширақ болу себебі кешке дейін тынбайды, жаттығулары бар, одан қалса мал қарайды, бау-бақша шаруаларын атқарады", - деді қарияның жұбайы Күләш Жұмаділова. 

Баймұқанбет Жұмаділов немересін де спортқа баулып жүр. Сондай-ақ қария шағын автомобильмен қатар жүк көлігін де тізгіндей алады. Еске салайық, он дүркін Азия чемпионы атанған 83 жастағы шымкенттік қария қалай жаттығатынын айтқан еді.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті