Балалар үйі зорлықтың «алаңына» айналған ба?

28.11.2024, 12:43
661
Балалар үйі зорлықтың «алаңына» айналған ба? Sputnik / Владимир Песня

Соңғы күндері Павлодарда зорлық-зомбылыққа тап болған балаларға қатысты фактілер жиілеп кетті.

Бұл ретте, Прокуратураның пәрменімен Павлодардың балалар үйлері мен балаларды қолдау орталықтарындағы 105 қыз медициналық тексеруден өтті. Тексеру нәтижелері 11 тәрбиеленуші бойынша жыныстық қол сұғушылықты анықтады.

Прокуратура органдары ұйытқы болған дәрігерлік тексерумен кәмелет жасына жетпеген 105 қыз бала қамтылған.

«Тексеру барысында 11 қыздың ерте бастан пәктігінен айрылғаны тіркеліп отыр. Оның 8-і қазіргі уақытта Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне алынды. Олар бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды, күдіктілер анықталып, ұсталды. Үш дерек қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тексеріліп жатыр. Бұған қоса балалардың үй жағдайындағы жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырауына қатысты екі дерек тіркеліп отыр»,-деп хабарлады бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова.

Бұл қылмыстардың барлығына бірнеше жыл болған. Тексерулердің нәтижесінде енді ашылып отыр.

Еске сала кетейік, өткен аптада Павлодар облысының аумағында кәмелет жасына жетпеген балаларды зорлаудың төрт бірдей дерегі тіркелді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды