«Мұғалім жертөлеге қамап, ұрып-соқты»: Шымкентте колледжде қылмыстық іс қозғалды

Аиса Махамбет Редактор
28.11.2024, 14:06
462
«Мұғалім жертөлеге қамап, ұрып-соқты»: Шымкентте колледжде қылмыстық іс қозғалды бейнежазбадан алынған кадр

Парасат колледжінің студенттері кураторымыз жертөлеге кіргізіп, сағаттап ұрды деп шағым түсірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте колледж студенттері мұғалімнің соққысына жығылғанын мәлімдегеннен кейін қылмыстық іс қозғалды. Жағдай туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы жеткізді.

Басы дауға қалған директордың тәрбие жөніндегі орынбасары жұмысынан уақытша шеттетілген. Миы шайқалған жігіттер ауруханадан шығып, үйлерінде емделіп жатыр.

Апта басында "Парасат" колледжінің студенттері кураторымыз жертөлеге кіргізіп, сағаттап ұрды деп мәлімдеген еді. Олар "тик-токтағы" видеоға күлгеніміз үшін оңбай таяқ жедік дейді.

Қазір арнайы құрылған комиссия "Парасат" колледжін тексеріп жатыр. Оқу орнына бөтен адамдар кіргізілмейді. Бақылау күшейтілген. Полиция іс қозғап, сот-медициналық сараптама тағайындаған.

“Жәбірленуші студенттердің кураторы бізде 2014 жылдан бері 10 жыл уақыт жұмыс істеді. Дәл қазір ол жұмыстан шеттетілді. Алдағы уақытта қалай жұмыстан шығарылатыны соттың шешіміне қарай шығарамыз”, – деді "Парасат" колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Ердос Кәдір. 

Осы колледждің студенттері екі күн бұрын кураторларын айыптаған. Олар директордың орынбасары бізді жертөлеге кіргізіп, сағаттап ұрды деген еді.

“Бетімнен ұрды. Бәрі көрініп тұр ғой. Денемнен де ұрды. Денем де көгала қойдай көгеріп кеткен. Басымнан тепті. Досымды да аяған жоқ”, – деді студент Константин Зорин.

“Мұғалімдер мен жоғары курс студенттерін қосқанда 10 адамдай болды. Қайда барып арыздансақ та, тауып алатындарын айтты. Электрошокер қолданғысы келді. Кейін басқа студенттерге бізді ұруды бұйырды”, – деді студент Әбдіғаппар Ырысалиев.

Оларды ата-аналары арыз жазып, оқудан шығарып алған екен.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген