Астаналық құтқарушылар марғауды аман алып қалды
Дүкеннің терезе қаптамасының арт жағында қысылып қалған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласында терезеге қысылыр қалған мысықты құтқару қызметінің мамандары аман алып қалды.
Бүгін Алматы ауданында Астана Қарағанды трассасында орналасқан ЖЖМ бекеттерінің бірінде мысық дүкеннің терезе қаптамасының арт жағында қысылып қойды. Мияулаған дауысты естіген дүкенші немқұрайлы қарамай, ТЖМ қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.
Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, шанц құралдарының көмегімен жануарды аман-есен босатып, оны оқиға куәгеріне тапсырды, - деп жазылған ТЖМ ақпаратында.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші