Әскерден қашып, үшінші қабаттан құлап кетті

05.12.2024, 12:27
375
Әскерден қашып, үшінші қабаттан құлап кетті көрнекі фотосурет / Stock Photo

Оралда әскерге шақырылған жігіт әскери комиссариаттан қашпақ болып, үшінші қабаттан құлаған.

Оқиға 1 желтоқсанға қараған түні болды. Жігітті екі досымен бірге әскери комиссариатқа жеткізген. Оның туыстарының айтуынша, шақырылушы бұрын әскери қызметке шақырту алмаған және психологиялық тұрғыда әскерге дайын болмаған.

«Оларды үшінші қабаттағы жатын бөлмеге орналастырған. Сол жерде басқа бір жігіт оларды қашуға үгіттеген. Ол өзін бай адамның баласымын, айыппұлды төлеп беремін деп алдаған екен, бірақ шын мәнінде даяшы болып шықты. Түнде сол жігіт төсек жапқыштарды байлап, төмен түсті. Оның артынан біздің ұлымыздың достары да түсті. Кейін ұлымыз да қашуға тырысты, бірақ жапқыштар үзіліп кетіп, ол жерге құлап түсті», - дейді жігіттің ағасы.

Жігіт ауыр жарақаттар алған: омыртқасы сынған және денесі сал болып қалу қаупі бар. Оған операция жасатуға тура келеді. Жәбірленушінің туыстары әскери комиссариат қызметкерлерін өз міндеттеріне салғырт қарады деп айыптап отыр.

Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жігіттің бұған дейін 1414 байланыс нөмірі арқылы шақырту алғанын мәлімдеді.

«Ол 2023 жылы оқуын бітірген. "Әскери қызмет туралы" заң бойынша оның әскери қызметтен босату немесе кейінге қалдыру себебі болмаған. Шақырту қағазын алмаған жағдайда, оны жеткізу жергілікті ішкі істер органдарына жүктеледі. 30 қарашада кешкісағат 17:00 шамасында полиция қызметкерлері оны облыстық жиын пунктіне жеткізген. Шақырылушыларға ешқандай моральдық немесе психологиялық қысым көрсетілген жоқ. Жатақ бөлмесінде олар төсек жапқыштарды байлап, үшінші қабаттан түсуге әрекет жасаған. Бір жігіт құлап, ауыр жарақат алған. Қазір оның жағдайын медициналық қызмет басшылары бақылап отыр», - деді департамент өкілдері.

Жәбірленушіге ҚР ҚК 387-бабы "Әскери қызметтен жалтару" бойынша қылмыстық іс қозғау туралы өтініш жіберілген. Оған 3 мың АЕК көлемінде айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Кезекшілікті атқарған қызметкердің іс-әрекетіне қатысты ішкі тексеріс жүріп жатыр. Оның кінәсінің деңгейі анықталатын болады.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды