Сенген боксшымыз сен болсаң: Сәкен Бибосынов жеңіліп қалды
Өкінішке қарай, Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Сәкен Бибосынов жартылай финалға жолдама ала алмай, орта жолдан сүрінді.
Екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Жалиловпен қолғап түйістірген еді.
Жекпе-жектің бірінші раундында төрешілер шешімі бойынша А.Жалилов алда тұрды – 3:2. Екінші кезеңде де ештеңе өзгере қойған жоқ. Қорытындысында жеңіс өзбек боксшысының еншісінде кетті. Осылайша, Бибосынов қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Материал авторы