14 жастағы қызды зорлаған павлодарлық зорлықшы сотталды

08.12.2024, 13:06
541
14 жастағы қызды зорлаған павлодарлық зорлықшы сотталды бейнежазбадан алынған кадр

Жәбірленушіге 7 миллион теңге моральдық шығын төлемек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда 48 жастағы педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған жайтты Информбюро жаңалықтар қызметі жеткізді. 

Іс материалдарына сәйкес, 14 жастағы жәбірленуші сотталушының пәтеріне күшігін алып кетуге келген. Ер адам жасөспірімді келесі күні таңғы алтыға дейін үйінде күштеп ұстаған. Ол қорқыту арқылы қызды ата-анасына қоңырау шалып, құрбысының үйінде қалатынын айтуға мәжбүрлеген. Сотталушы қызды зорлап қана қоймай, видеоға түсіріп алған.

Таңертең мектеп оқушысы бірден полицияға хабарласқан. Ер адам сол күні ұсталды. 

Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен және сот-медициналық сараптама қорытындысымен дәлелденді.

«Кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты педагогикалық және лауазымды қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Қайырбеков

Сот бас бостандығынан айыру жазасынан бөлек, жәбірленушіге моральдық шығын, 7 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында 20 жастағы қызды зорлап, азаптап өлтірген ер адам сотталғаны туралы жазған едік.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды