Әйелді 113 млн теңгеге сан соқтырып, өзіне қымбат дүниелер алған ақтөбелік келіншек сотталды

08.12.2024, 14:30
596
Әйелді 113 млн теңгеге сан соқтырып, өзіне қымбат дүниелер алған ақтөбелік келіншек сотталды freepik.com

Қиындыққа ұшыраған әйелді одан сайын орға сүйреген алаяқ келіншек сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алаяқ әйел ақтөбелік тұрғынды 113 миллион теңгеге алдап, ұрлаған ақшасына пәтер, шетелдік көлік және ондаған жұп фирмалық аяқ киім сатып алған. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Время басылымының дерегінше, Ақтөбе тұрғыны Эльвира Қисеменова жұмыссыз болған. Ол қомақты қаржы табу үшін өз құрбандарын тергеу изоляторынан және желілерде көмек сұраған жазбаларға жазылған пікірлерден іздеген. Осылайша әйел жәбірленуші Толғанай Баймұқашеваны тергеу изоляторының жанында кездестірген. Баймұқашева тергеуде жатқан күйеуіне алаңдайтынын жеткізген. 

Сол сәтте Эльвира өзінің жоқ күйеуінің әкімдік қызметкері екенін айтып, оны әлдебіреулер белгісіз себеппен ұстатып бергенін жеткізген. 

«Жолдасыңа тағылып отырған айып ауыр екен. Керек адамды тауып, ақша беру керек», – деген Қисеменова жаңа танысқан жәбірленушіге.

Ол бірден оған көмектесе алатынын, таныстары көп екенін айтқан. Әйел Баймұқашеваны шайға шақырып, оны мүмкіндігінше көбірек тыңдап, сеніміне кіріп алған. Оған сенген кәсіпкер Баймұқашева Қисеменоваға 113 миллион теңгеге жуық ақша берген. Ол жыл бойы үш күн сайын әйелге ақша аударып отырған. 

Күйеуіне қатысты 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарылғаннан кейін ғана өзінің алданғанын түсінген. Ал осы уақыт аралығында Қисеменова әйелдің ақшасына пәтер, шетелдік көлік, ондаған жұп аяқ киім, құрал-жабдықтар сатып алып, бутик ашып үлгерген.

Сотта Қисеменова ешкімге қарыз емес екенін айтты. Сөзінше, егер оған ақша берілсе ғана, ол қарыз болып есептеледі.

Сот куәгерлерді тыңдап, банк аударымдары мен сотталушының сөзін жоққа шығаратын басқа да айғақтарды зерттеді. Нәтижесінде Қисеменова алаяқ деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Баймұқашеваға 112,8 миллион теңгені қайтаруға міндеттелді. Сотталушының пәтері, көлігі, жаңа телефондары мен 27 жұп аяқ киімі де тәркіленді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды