«Бала туғанымды дәлелдей алмай жүрмін»: Мақпал Исабекова үкіметтің жәрдемақысын ала алмай жүргенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
09.12.2024, 18:01
1285
«Бала туғанымды дәлелдей алмай жүрмін»: Мақпал Исабекова үкіметтің жәрдемақысын ала алмай жүргенін айтты жеке мұрағатынан

Еңбек министрлігі әншінің кірістерін растайтын құжаттарын сұратқанын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жақында екінші рет ана атанған танымал әнші Мақпал Исабекова баласының жөргекпұлын ала алмай отырғанын айтып, дабыл қақты. 

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жеке парақшасына видео жүктеп, "Электронды үкімет порталына бала туғанымды дәлелдей алмай жүрмін" деді.

“Алты айдан бері мемлекетке өзімнің босанғанымды дәлелдей алмай келемін. Мен босанғанға дейінгі төлемді, бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақыны, баламның ай сайынғы жәрдемақысын әлі алған жоқпын. Заң бойынша, басқа аналар сияқты, ол төлемдерді мен де аламын деп ойладым. Бірақ мені бір-біріне сілтеп, алдырмай отыр. 1414 нөміріне хабарласа алмадым. Egov.kz болса, "сіз құжат тапсырдыңыз, күтіңіз" деп отыр. Босанғалы алты ай болды, әлі күтіп отырмыз. Менің жеке кәсіпкерлігім бар. Салықтың бәрін уақытылы төлеп отырмын", – дейді әнші. 

Эстрада жұлдызы жәрдемақыға қарап отырмаса да, басқа да мұқтаж аналардың бұлай қиналғанын қаламаймын дейді. 

“Қолымды бір сілтейін десем, салықтың біреуін қалдырмай төлеймін. "Үйде бала тауып отыр ғой" деп ешкім менің жағдайымды ойлап жатқан жоқ. Мұндай жағдайда не істеу керек, қыздар?! Мен бұл жағдайды осылай жария қыламын деп ойлаған жоқпын. Бірақ онсыз да жұқарып отырған жүйкені жұқартты. Қағазбастылық деген біздің елде басым,  1000 анықтама талап етті. Бухгалтер екеуміз тапсыр деген қағаздарын тапсырдық. Халыққа қызмет көрсету орталығына бардық. Бірақ үсті-үстіне саған қысым жасайды. Бұл не сұмдық?! Менің күнім ол ақшаға қарамай-ақ қойсын, қарапайым халық не істейді? Өзіне тиесілі ақшасын алу үшін сәбиін қолына ұстап, мекеме аралап жүре ме?", – деп ашуланды өнер иесі. 

Осы мәселеге қатысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі: “Заңға сай кірістерін растайтын құжат сұрадық. Басқа ақпарат бере алмаймыз, бұл жеке деректерге жатады” деп пікір білдірді. 

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды