829

«Тұман түсіп, қар жауады»: 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

«Тұман түсіп, қар жауады»: 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Sputnik / Григорий Сысоев

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет синоптиктері ауа райына байланысты болжамын жариялады.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның батысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, солтүстігінде қарлы боран болады деп болжанады. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - тұманның түсуі, желдің күшеюі, - делінген "Қазгидромет" ақпаратында. 

Материал авторы