582

Долларың болса қалтаңда, «курс» қарайсың әр таңда

Таңертең ұйқыдан ояна сала доллар бағамын қарайтындар аз емес. Қазіргі нарықтың ахуалы долларға байланысты болып тұрғаны рас. Бұл ретте, бүгін Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 509 — 516 теңгеден саудаланып жатыр.

Долларың болса қалтаңда, «курс» қарайсың әр таңда
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Ұлттық банктің 10 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 510,08 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,15 теңге. Еуро — 539,61.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515,1 теңге. Еуро 538 — 545 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 509 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 532 теңгеден сатылып, 542 теңгеден сатып алынады.

Материал авторы