«Үйілген қоқыста ұйықтап жүр»: Павлодар облысында 10 жасар қыз маскүнем әжесімен бірге тұрып келген

Аиса Махамбет Редактор
10.12.2024, 13:35
605
«Үйілген қоқыста ұйықтап жүр»: Павлодар облысында 10 жасар қыз маскүнем әжесімен бірге тұрып келген бейнежазбадан алынған кадр

Тексерушілер үйіне келгенде әжесі мас күйінде аяққа тұра алмаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында полицейлер өз үйінде қиын жағдайда өмір сүріп жатқан 10 жасар қызды тапты. Ол үйілген заттар мен қоқыстардың арасында ұйықтап жүрген. Ал көрші бөлмеде оның маскүнем әжесі бірге ішімдік ішетін достарымен тұрған. Аталған жайтты КТК арнасының жаңалықтар қызметі жеткізді. 

10 жасар қызды тексерушілер тапқан. Олар қыздың үйіне келгенде әжесі мас күйінде аяққа тұра алмаған. 

"Тезірек кетіңдер. Менің үйіме кіруге құқықтарың жоқ. Менен аулақ кетіңдер”, – деген әйел. 

Тексеруші комиссия үй жағдайын көріп таңғалған. Мектеп оқушысы үстіне нашар киініп, қоқысқа толы бөлмеде ұйықтап жүрген. Белгілі болғандай, қыздың ата-анасы жұмысқа кеткен. Балаға әжесі қараған. 

Ақырында мектеп оқушысын біраз уақытқа отбасынан алып, тәтесінің қолына беріпті. Ал қыздың өз анасына баспана табуға уақыт берілген.

“Әкімдік, прокуратура және полиция, Ақсу қалалық ювеналдық полиция қызметкерлері арасында "Оқу қауіпсіздігі" жобасын іске асыру аясында Сарышығанақ кентінде қиын жағдайда тұрған кәмелетке толмаған қызтабылды. Анықталғандай, қыз бен оның анасы әжесінің үйінде тұрып келген”, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Белялова. 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)