Ақтөбеде ерлі-зайыптыларды қағып өлтірген полицей сотталды

Аиса Махамбет Редактор
11.12.2024, 15:15
1385
Ақтөбеде ерлі-зайыптыларды қағып өлтірген полицей сотталды бейнежазбадан алынған кадр

Көлігімен қағып тығылып қалған полиция сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде велосипедпен кетіп бара жатқан ерлі-зайыптыларды өз көлігімен қағып, оқиға орнынан бой тасалаған полиция қызметкеріне екі бап бойынша үкім шықты.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-полицейге үкім оқылды. Сотталушы экс-полиция қызметкері А.С. 34 жаста, №4 қалалық полиция бөлімінде жедел уәкіл болған. 

Сот мәліметінше, айыпталушы экс-полицей түнде велосипедпен үйіне қайтып келе жатқан ерлі-зайыптыны қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша айыпталды.

Қылмыстық кодекстің 345 және 347-баптары бойынша іс сотқа түсті. А.С. айыпты деп танылып, 9 жыл бас бостандығынан және өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды. Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 23 шілдеде болған. Салдарынан 25 және 26 жастағы ерлі-зайыптылар оқиға орнында көз жұмды.  Олардың артында 4 және 3 жастағы екі бала қалды.

«Я, Аллаһым, мені сақташы…»: Азапталып қаза болған Ақнәрдің соңғы сәттегі видеосы тарады (ВИДЕО) Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді «Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған «Басыңызға келсін»: Мөлдір Әуелбекова үй шаруасын жасамайтынын айтты Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды