Жау алыстан келмейді: Туыстарының атына несие рәсімдеген

12.12.2024, 10:44
1821
Жау алыстан келмейді: Туыстарының атына несие рәсімдеген klingsup

Ақмолада 9 желтоқсан күні Ақкөл қаласының полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша екі өтініш түсіп, туыстарының атына несие ресімдегендер анықталды.

Жергілікті тұрғындар өздерінің жақындары – немересі мен өгей баласы олардың сенімін пайдаланып, банктерден алаяқтық жолмен несие рәсімдегенін мәлімдеді. Зардап шеккендердің айтуынша, алаяқтар «суретке түсіру керек» деген желеумен олардың бейне биометриялық деректерін пайдаланып, онлайн несиелер рәсімдеген. Бір жағдайда шығын көлемі 1 миллион 772 мың теңгені құраса, екінші жағдайда 2 миллион теңгеден асып түсті.

Аталған оқиғалар бойынша полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

«Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қарапайым, бірақ маңызды сақтық шараларын естен шығармаңыз. Жеке деректеріңізді, соның ішінде фото және бейнебиометрияңызды, ешкімге бермеңіз – тіпті жақын адамдарыңызға сеніп тапсыру қауіпті болуы мүмкін. Несие тарихыңызды тұрақты түрде тексеріп отырыңыз. Бұл күдікті операцияларды уақытында анықтауға көмектеседі. Егер алаяқтық әрекеттерді байқасаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз. Банктік қосымшаларда қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін екі факторлы аутентификацияны қосыңыз», - деді полиция өкілдері.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті