1323

Жылу құбырындағы қорқыныш: Екі адамның мүрдесі табылды

Атырау қаласында жылу құбырының жанынан ер мен әйелдің мүрдесі табылды. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Жылу құбырындағы қорқыныш: Екі адамның мүрдесі табылды
Getty Images / Олег Копьев

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 27 қарашада 2 адамның өлі күйде табылғанын растады. 

– Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің артындағы жылу құбырының жанынан екі адамның мүрдесі табылды. Өлі табылғанның бірі – ер адам, ал екіншісі – әйел. Ер адам 34-те, әйел 42 жаста болған. Марқұмдардың мүрдесінен жарақат анықталмады, - депмәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. 

Қазір марқұмдардың мүрдесіне сот-медициналық сараптама жүргізі басталған.

Материал авторы