788

Жамбылдағы жағымсыз жағдай: Жас қызды бірнеше жігіт зорлаған

Жамбыл облысының полициясы жас қызды зорлау ісін қарап жатыр.

Жамбылдағы жағымсыз жағдай: Жас қызды бірнеше жігіт зорлаған
көрнекі фотосурет / Stock Photo

Әлеуметтік желіде бірнеше жасөспірімнің жас қызды зорлағаны туралы ақпарат пайда болды. Өңірдің полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

«Тергеу кәмелеттік жасқа толмаған үш күдіктіні анықтап, ұстады. Екеуі үй қамаққа алынды, үшіншісі басқа бір адамның кепілдігімен жіберілді. Қазір қылмыстық істі тергеу аяқталған. Тараптар қылмыстық іспен танысып жатыр», - делінген баспасөз хабарламасында.

Тараптар танысып болғаннан кейін іс прокуратураға, кейін сотқа жолданады.

Материал авторы