Шымкентте әйелін буындырып өлтірген ер адамға үкім шықты
Шымкентте қызғаныштан ер адам әйелін буындырып өлтірді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қайғылы жағдай жыл басында болған. Келіншегінен күдіктенген ер адам оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған.
Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты сот үкімі шыққан. 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Жасы 50-дегі азамат, - деді Шымкент прокуратурасының басқарма басшысы Жандос Досанов.
Олардың отау құрғанына бір жыл ғана болған екен.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші