671

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады.

Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша?
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 436,4 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 триллион 81,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 354,5 миллиард теңге қарастырылған.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 428 мың адам.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 556 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 967 теңге, базалық зейнетақы – 42 589 теңге.

Материал авторы