Белгісіз жан: «Орда» тобының концертіне жалған билет сатқан алаяқ ұсталды

23.12.2024, 17:40
809
Белгісіз жан: «Орда» тобының концертіне жалған билет сатқан алаяқ ұсталды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Астанада концерт билеттерін сатуға байланысты алаяқтық схемасы әшкереленді. Елорда тұрғындары жалған концерт билеттерін сатып алып, алаяқтардың құрбаны болды. Жәбірленушілер танымал «Орда» тобының концертіне кіре алмай қалған сәтте ғана алданғанын түсініп, бірден полицияға жүгінген.

Сол сияқты, басқа да азаматтар ресейлік танымал әншінің кешіне кіру үшін жалған QR кодтар сатып алған. Билеттердің құны 10 мыңнан 20 мың теңгеге дейін болған. Ал жалпы келтірілген шығын шамамен 200 мың теңге.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл алаяқтыққа 18 жастағы азаматтың қатысы бар екенін анықтады.

Күдікті Instagram желісінде жалған аккаунт ашып, танымал әншілердің концерттеріне баруға мүмкіндік беретін, шын мәнінде жоқ билеттерді ұсынған. Полиция қызметкерлері жәбірленушілер ақша аударған банктік шотты тексеру арқылы күдіктіні таба алды.

Тергеу барысында жас жігіт өз кінәсін толық мойындап, тағы да 11 осындай алаяқтық әрекет жасағаны анықталды.

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға әлеуметтік желілердегі жарнамалық сілтемелер арқылы билеттер сатып алмауды ескертеді. Кез келген шараға билет алу үшін тексерілген, ресми сайттарды пайдалану қауіпсіз екенін еске салады.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады