ШҚО-да полиция капитаны жолда қалғандарды құтқарамын деп өзі қаза тапқан

Аиса Махамбет Редактор
05.01.2025, 16:00
1266
ШҚО-да полиция капитаны жолда қалғандарды құтқарамын деп өзі қаза тапқан Polisia.kz

Сақшылар қар құрсауында қалған қарттарды құтқару үшін өз өмірін қиған полиция капитаны Жәлелхан Мұрымбаевты еске алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ШҚО-да тәртіп сақшылары осыдан 24 жыл бұрын қар құрсауында қалған қарттарды құтқару үшін өз өмірін қиған полиция капитаны Жәлелхан Мұрымбаевты еске алды.

Polisia.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, оқиға 2001 жылы 5 қаңтар күні Жарма мен Көкпекті аудандарының арасындағы жолда болған.

Жәлелхан Мұрымбаев сол күні, яғни 2001 жылдың 5 қаңтарында Өскемен қаласынан өзінің ауданына қарай бет алған. Қалың қар жауып, боран соққан, оның арты қатты аязға ұласқан күні аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері мінген көлік жол ортада сынып қалған. Ал мұны естіген капитан оқиға орнына өз көлігімен жеткен. Үлкен кісілерді қызметтік көлігіне мінгізген соң, өзі ауданға қарай жаяу бет алған. Себебі көлікте адам мінетін орын қалмаған, - делінген мәліметте.

Өкінішке қарай, бораннан адасып кеткен Жәлелхан Мұрымбаев жолда мерт болған.

Сол кезде 33 жастағы Жәлелхан Мұрымов, биыл тірі болса, 57 жасқа толар еді. Оның артында бір ұлы, жары қалған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады