Ұшақтағы ең қауіпсіз орын қандай? Сарапшылар талдау жасады

06.01.2025, 12:30
6960
Ұшақтағы ең қауіпсіз орын қандай? Сарапшылар талдау жасады Gagliardi Photography

Ұшақтың артқы жағына отыру расымен қауіпсіз бе? Әлемдік сарапшылар пікір білдірді.

Әзірбайжан әуе жолдарының 8243 рейсі мен Jeju Air 2216 рейсінің қалдықтарынан кадрлар пайда болған соң артқы орындар қауіпсіз деген сыбыстар пайда болды. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сарапшылар мұны жоққа шығарады. Олар әр апаттың себебі мен зардабы әр қилы екенін айтып, апат болған жағдайда бірегей әрі нақты қауіпсіз жер жоғын айтады.

Айта кетсек, Ақтау маңындағы апаттан аман қалған 29 адам ұшақтың артқы жағында отырған. Ұшақтың корпусы екіге бөлініп, артқы бөлігі еш бұзылмаған еді. Одан кейін болған Оңтүстік Кореядағы апаттан да аман қалғандар – ұшақтың артқы жағында отырған екі стюардесса болған.

2015 жылы TIME журналының тілшілері 1985 жылдан 2000 жылға дейін қаза тапқандар мен аман қалған АҚШ әуекомпаниясының барлық апаттарының жазбаларын зерттеп, ұшақтың артқы үштен бір бөлігіндегі орындықтардың жалпы өлім деңгейі 32% екенін анықтады. Ал алдыңғы жақта 38%. Алайда әуе саласындағы мамандар мұны «миф» деп есептейді.

«Жолаушылардың орны мен олардың аман қалу арасындағы байланысты көрсететін деректер жоқ», – деді Ұшу қауіпсіздігі қорының президенті Хасан Шахиди.

Ол әр апаттың қауіп деңгейі әртүрлі дейді.

Ал Лондондағы Гринвич университетінің өрт қауіпсіздігі профессоры, ұшақ апатын эвакуациялау бойынша зерттеулер жүргізген Эд Галиа «нақты қауіпсіз орын жоқ» деп түсіндіреді.

«Сиқырлы қауіпсіз жер жоқ. Бұл сіз қандай апатқа ұшырағаныңызға байланысты. Кейде алдыңғы жақта, кейде артқы жағында жақсырақ болады», – деді ол.

Дегенмен Галея және басқа сарапшылар жолаушылар отырғышы эвакуация кезінде маңызды болатынын атады.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді