Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген

Аиса Махамбет Редактор
29.05.2025, 17:31
2204
Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Диапазон

Ақтөбеде 11 айлық қызы мен 3 жастағы ұлын өлтірді деп айыпталған әйелдің ісі сотта қарала бастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауыншаАқтөбеде екі баласын тұншықтырып өлтірді деп айыпталған 29 жастағы Гүлжанат Дәулетбаеваға қатысты іс сотта қарала бастады. Ол бұрын мұғалім болып жұмыс істеген, бүгінде Талғар ауданындағы психиатриялық емдеу орталығында жатыр.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың 23 наурызында болған. Әйел 11 айлық қызын және 3 жастағы ұлын жастықпен тұншықтырып өлтіргенін мойындады. ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі (екі және одан да көп адамды өлтіру) бойынша айып тағылып отыр.

Сотта прокурор Елдар Әбиев айыпталушының қасақана әрекет жасағанын мәлімдеді:

«Ол балаларына аналық мейірімі болмағанын айтып, ұйықтап жатқан күйінде жастықпен тұншықтырған. Сот-медициналық сараптама өлім себебін — механикалық асфиксия, яғни мұрын мен ауыздың жұмсақ затпен жабылуы салдарынан тыныс жолдарының жабылуы деп көрсетті».

Жәбірленуші ретінде сотқа қатысқан балалардың әкесі Жеңісбек Әділханов бұл әйелдің бұған дейін де қызына қол көтергенін айтты:

«Ұйықтап жатсам, «қызды тұншықтырып тастадым» деді. Сенбедім. Қыздың бетінде көгерген дақтар болды. Әйелім “жақында өледі” деді. Қорықтым. Кейін оның әкесіне, полицияға хабар бердім. Балаларды ата-анамның үйіне жібердік. Бірақ оған сеніп қалдым. Оқиға кезінде мен вахтадамын. Әйелім соңғы жылдары бала күтімімен үйде отырды, мұғалім мамандығы бар».

2025 жылдың 24 сәуірінде психиатриялық сараптама тағайындалған. Қорытынды бойынша әйел депрессиялық-параноидтық синдром түріндегі созылмалы психикалық дертке шалдыққан, өзіне де, қоғамға да қауіпті, іс-әрекетіне жауап бере алмайды деп танылып, мәжбүрлі емге жатқызылған.

Судья Нұрлан Бақтығалиев бұл жайдың барлығы негізгі сот процесінде нақты анықталатынын айтты:

«Қазір ол әрекетке қабілетсіз деп ресми танылған жоқ. Бірақ сараптамаға сай, уақытша әрекетке қабілетсіз ретінде танылып отыр».

Айыпталушы 1996 жылы Байғанин ауданында туған. Жоғары білімді, Қ.Жұбанов атындағы АӨУ-де информатика пәнінің мұғалімі мамандығын бітірген. Бұған дейін Атырау облысындағы мектепте мұғалім болған. Отбасымен Сағыз ауылында тұрған. Қазір Талғардағы психиатриялық ауруханада.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды