Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған

Аиса Махамбет Редактор
29.05.2025, 18:49
2610
Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған TGRTHaber

Мектеп директоры Түркияда мұғалімді зорламақ болғаны үшін сот алдында жауап беріп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның Ыстанбұл қаласында халықаралық жекеменшік мектептің директоры қызметін атқарған Қазақстан азаматы өз әріптесін зорламақ болды деген айыппен сотқа тартылмақ. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары TGRTHaber жазды.

Оқиға 2024 жылдың 11 қарашасында Ыстанбұлдың Сарыер ауданында тіркелген. Айыпталып отырған – 42 жастағы Қазақстан азаматы. Ол беделді халықаралық мектептің директоры қызметін атқарған. Ал жәбірленуші – сол оқу орнында дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін 39 жастағы мұғалім.

Жәбірленушінің сөзінше, сол күні таңертең директор құжаттарды бірге қарап шығуды сылтауратып оның кабинетіне кірген. Әуелде компьютердегі қағаздарды қарап шыққан соң, қасына отырып сөзбен мазалай бастаған. Әйел жауап қатпаған кезде, ер адам денесіне қол жүгірткен.

«Алдымен кеудемді бір қолымен басты. Қарсылық білдіріп, алыстай бергенімде екінші рет қатты қысып жіберді. Осы кезде оны итеріп жібермек болдым, бірақ бір сәтте көзім қарауытып, есімнен танып қалдым», – делінген жәбірленушінің прокуратураға жазған шағымында.

Жәбірленуші оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген. Сот-медициналық сараптама оның денесінде физикалық зорлық белгілері барын растаған – кеуде тұсында қызару мен қысым іздері анықталған.

Барлық деректер – дәрігерлік қорытынды, куәгерлердің жауабы мен арыз – Түркия прокуратурасына тапсырылды. Алайда күдікті мектеп директоры өзіне тағылған айыпты мойындамай, жәбірленушіге "қол да тигізген жоқпын" деп ақталуда. Тергеу барысында ол аудармашының көмегіне жүгінген.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу аяқталып, жақын күндері қазақстандық азамат Ыстанбұл қылмыстық сотының алдында жауап береді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды