SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал трансгендер Никонет жеке өмірінен сыр шертіп, лауазымды тұлғаның сүйіктісі болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрмен қарым-қатынасын жайлы алғаш рет жариялаған Никонет көп өтпей жазбасын өшірді.
Сондай-ақ, Никонет лауазымды қызметте істейтіндердің дені шынайы болмысын көрсетпейтінін жеткізді. Оның айтуынша, билігі бар кей адамдар өздерінің ішкі қараңғылығын жасыру үшін маска киетін көрінеді.“Менің бұрынғы сүйіктім министр болған. Осы күнге дейін ол туралы ешкімге тіс жармадым. Ол үйленбеген. Мен де отбасылы еркектермен байланыспаймын. Алты ай бойы мен үшін барын салды. Миллиондап ақша жіберіп, гүлдер мен сыйлықтар берді. Бәрі ертегіге ұқсады. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді", – деп жазды ол.
"Мен енді батылдық танытып, көпшілік айтпайтын шындықты жеткізгім келеді: Адамда билік көп болса, ол соғұрлым ішкі қараңғылығын жасыруға тырысады", – деді ол.