«Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды

30.05.2025, 15:35
3110
«Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды бейнежазбадан

Ақнәрдің өлімінен бірнеше ай бұрын марқұмды құрбысы Дидар үйде ешкім жоқ деп алдап шақырған. Сол уақытта үйде жүрген Ұлбақ деген жігіт Ақнәрді зорламақ болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылғы мамырда Алматы тұрғыны Ақнәр Гүлстан көпқабатты үйдің терезесінен құлап, ауыр жарақат салдарынан көз жұмған болатын. Қайтыс болған қыздың анасы Кәмит Гүлстан мен құқық қорғаушы Инга Иманбай арнайы баспасөз мәслихатында бұл оқиғаға қатысты жаңа видео-дәлелдерді жария етті.

Құқық қорғаушының айтуынша, Ақнәрдің психологиялық күйі тұрақсыз болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл сөзін ол 2024 жылғы 12 сәуірде түсірілген бейнежазбамен растады.

Бұған дейін марқұммен бірге болған қыздардың адвокаты Жандос Палманов даулы кештен үзінді видео көрсеткен болатын. Онда қыздар үстел басында көңілді отырыс жасап, караоке айтып, билеп жүрген. Бірақ бейнематериалдың соңында жағдай күрт өзгеріп, Ақнәр еденде жылап жатқан сәті көрсетілген. Оның жылаған көзі мен жұлынып қалған шаштары анық байқалады.

Инга Иманбай ұсынған жаңа видеода Ақнәр еденде жатыр, оны белгісіз ер адам ұстап отыр, ал қыз ер адамнан өзін босатуын сұрап, оның тиіскенін айтып шағымданады. Кейін сол адам терезені ашып, қолымен Акнарға сыртқа шығуды ишарамен көрсетеді.

— Олар әуел бастан бұл жағдайды "суицид" ретінде көрсетуге тырысқан. Видеоның бір бөлігін қиып, әлеуметтік желіге "Акнар терезеге өзі ұмтылды" деп жариялады. Бірақ видеода бәрі анық көрініп тұр. Ол ер адам оған тиіскен, қыздың заттарын тартып алған, оны оқшаулаған. Соңында: "Секір!" деп айтып тұрғанын да естуге болады, — деді Инга Иманбай.

Құқық қорғаушының мәліметінше, Акнар бұл жігітті мүлде танымайтын. Қызды сабақтасы "тамақтануға шақырып, кейін үйіне апарған", ал пәтерде сол жігіт отырған.

Ақнәрді ешқандай күмәнсіз ортаға шақырып, сонда алдап апарып, белгісіз адаммен бетпе-бет қалдырған. Бұл қылмыс, — деп мәлімдеді Иманбай.

Оның айтуынша, құқық қорғаушылар бұл видеоны тергеуге ресми түрде жолдайды. Олар видеода көрсетілген жайттарды мынадай қылмыстық баптар бойынша саралауды сұрайды: бостандықтан заңсыз айыру, жыныстық сипаттағы әрекеттер, өзін-өзі өлтіруге итермелеу, ар-намысты қорлау, өз бетімен билік ету және бөгде мүлікті заңсыз ұстау.

Инга Иманбай марқұмның бірге оқитын қыздарының әрекетіне де күмән келтірді:

— Оқиға түнде болған. Сол қыз досының артынан ауруханаға да бармаған, оның тірі екеніне қарамастан, түнгі сағат үште адвокат шақырған. Бұл — адамгершілікке де, логикаға да сыймайды, — деді ол.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады