«Адамдар төбелесіп, шаш жұлысып жатты»: автобусқа мінгелі жатқан атыраулық әйелдің қолын сындырып тастаған

06.01.2025, 12:50
1221
«Адамдар төбелесіп, шаш жұлысып жатты»: автобусқа мінгелі жатқан атыраулық әйелдің қолын сындырып тастаған бейнежазбадан алынған кадр

Барлығы жапа-тармағай мініп жатқанда әйелдің қолын сындырып, ол сол күйі автобусқа міне алмағанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау-Құрманғазы бағытында автобусқа мінбек болған әйел қолын сындырып алған. 

Видеодан автобусқа адамның барлығы жапа-тармағай мініп жатқанын байқауға болады. Желіде тараған аудиожазбада әйел Атырау-Құрманғазы бағытындағы автобусқа мінбек болған кезде қолын сындырып алғанын айтты.

«Мен сол күйі автобусқа міне алмадым. Адамдар төбелесіп, шаш жұлысып жатты. Қолымды сындырды. Егер бұлай жалғаса берсе, соңы жақсылыққа апармайды. Билеттер неге кассада сатылмайды?» – деді жолаушы.

Құрманғазы ауданы әкімдігі бұл жағдайды билеттердің онлайн сатылмауымен байланыстырды.

«Онлайн билет сату платформасы әлі қосылмағандықтан, жолаушылар билетті жүргізушіден немесе Атыраудағы теміржол вокзалының жанындағы автовокзалдан сатып алуға тиіс. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деді аудан әкімдігі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды