Зеленский НАТО-ға мүше болу үшін Ресейдің басып алған жерлерінен шегініс жасамақ (ВИДЕО)

06.01.2025, 13:15
1690
Зеленский НАТО-ға мүше болу үшін Ресейдің басып алған жерлерінен шегініс жасамақ (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Зеленский Қырым, Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон облыстарынан бас тартады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Киев Ресей басып алған аумақтардан бас тартып, НАТО-ға кіру жолын қарастыруы мүмкін. Алайда Украина бұған кейбір шарттар орындалған жағдайда ғана келісетін көрінеді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский америкалық журналист Лакс Фридманға берген сұхбатында айтып берді.

Сұхбат барысында журналист Зеленскийден «НАТО-ға кіру үшін Украинаның Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон облыстарынан, сондай-ақ Қырымнан бас тартуға келісім бересіз бе?» деп сұрады.

«НАТО-ға мүше болу Украинада заңды түрде жасалмақ. Біз Украинаның басқа жер аумағын мойындамаймыз. Бірақ НАТО Украинаның бақылауындағы жерлерде әрекет ете алады, бұл туралы келісім жасауға да болады. Мен бұған сенімдімін!», - деді Зеленский.

Президенттің айтуынша, жерлерден бас тарту туралы шешім – Украина елі соғысты аяқтаудың дипломатиялық әдісін көргенде ғана қабылданбақ.

«Бұл бірінші талап, ал екіншісі – қару пакеті. Мен мұның не екенін көпшілік алдында айтуға дайын емеспін, бірақ президент Трамп бұл туралы анық біледі. Бұның бәрі негізінен АҚШ-тың ырқына байланысты. Өйткені Еуропалық Одақ береді, ішінара АҚШ береді. Бұл пакетке бірлік қажет», - деді Украина басшысы. 

Зеленский АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Ресей энергетикасын нарыққа шығармау үшін Ресейге қарсы санкциялар салуы керек деп қоса кетті. Ол бұның, ең алдымен, Вашингтон үшін тиімді болатынын атап өтті.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)